• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2016

Қытайда автобус өртеніп, 14 жолаушы жанып кетті

297 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 қаңтар. Елдің солтүстік-батысындағы Нинся аймағында жолаушылар автобусы кенеттен өртке оранды. Салдарынан 14 жолаушы өртеніп, тағы 31 адам жараланды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Полицейлердің мәлімдеуінше жолаушылар тасымалымен айналысатын автобуста 50-ге жуық адам болған. Өрт сөндірушілер отты өшіргенімен 31 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Қазіргі таңда денесін күйік шалғандар жергілікті ауруханаға жатқызылды. Айта кетейік, Инчуань қаласында кетіп бара жатқан көліктен тілсіз жаудың шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында шұғыл тергеу амалдары басталды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.