• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Алматыда заманауи әскери техника көрмесі болды (фото)

315 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 қаңтар. Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында «World of Tanks» бұқаралық көп қолданбалы ойыны бойынша Гранд-финал аясында Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің көрмесі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әскери қызметшілер балаларға атыс қарулары мен қазіргі заманғы әскери техника үлгілерін көрсетіп, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі турнирді ұйымдастырушыларға осылай қолдау білдірді. Сонымен қатар, әскери қызметшілер компьютерлік бағдарламалардың ақпараттық ғасыры өмірдің ажырамас бөлігі екенін, сондықтан оны дұрыс бағытта пайдалануды үйрену қажеттігін атап өтті. Әсіресе, жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге көңіл бөлу қажет. Бұл ретте балалар қару-жарақ туралы виртуальды біліп қана қоймай, шынайы көздерімен көріп, Отанды қорғау мен армиядағы қызметтің қажеттігін түсінуі маңызды саналады. Гранд-финал тартысында еліміздегі үздік киберспорттық командалар сайысқандығын атап өткен жөн. Турнир жеңімпаздары бағалы жүлделермен қоса ерекше наградаға иеленді. Атап айтқанда, жеңімпаздар ҚР Қарулы Күштерінің қолданысындағы әскери танкілерді жүргізу курсына қатысуға мүмкіндік алады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.