• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Мың мысықтың мекені

348 рет
көрсетілді

болған үйінен қашып шықты Құрама Штаттардың Калифорния штатында тұратын 67 жастағы Линеа Латтанцио есімді әйел өзінің бес жатын жайы бар коттеджінен аулаға қойылған трейлеріне көшіп баруға мәжбүр болды. Бұған «кең сарайдай боз үйін» түгелдей мысықтардың басып қалғаны себепкерлік етіпті. Зейнеткер әйел сол кезге дейін үйінде 800 ересек мы­сық пен олардың 300 баласын асырап келген екен. Ол мысықтарды мұнда жай ұстап қана келмеген, бақ­пандыларына барынша жақсы жағдай жасаған. Үйді алаңсыз жайлап алған мысықтар онда торларда отырмаған, бөлмелерде емін-еркін жүріп-тұрған. Ал оқиғаның басы күйеуі де, балалары да жоқ Линеа Латтанционың жалғыздықты жеңу үшін өзіне ермек іздеуінен басталған. Ол 400 шаршы метрлік үйдің ауқымын сосын өзіне серік болады деп есептеген мысықтармен толтырмақ болған. Бұл үшін өзінің алтын әшекейлері мен автомобилін сатып, алынған ақшаға мысықтар мекенін жасаған. Әйел бұған алынған мысықтың бәрін көшеден теріп әкелген. Мұны 1992 жылы қолға алған Линеа келесі жылы ветеринар мамандығын меңгеріп шығады. Қазір жанашыр жан трейлерде тұрып жатыр, ал жануарларға арнайы келген волонтерлер қарайды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.
Соңғы жаңалықтар