• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Өзара татулық пен түсіністік – тұрақтылық кепілі

423 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ақтөбе өңіріне жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапарының алғашқы күні Мемлекеттік хатшы «Зайырлы қоғам және жоғары руханият – бірлік пен келісім кепілі» тақырыбындағы өңіраралық семинарға қатысты. Семинар жұмысына, сондай-ақ, Ақ­төбе, Атырау, Батыс Қа­зақ­­стан, Қызылорда және Маң­­ғыстау облыстарының мем­ле­­кет­тік ор­гандарының, үкімет­тік емес ұйым­дары мен діни бір­лес­тік­терінің өкілдері де қатысты. Се­минарға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Біртектілік пен бірлік» 4-ші инс­титуттық бағытын жүзеге асы­ру, конфессияаралық қарым-қаты­нас­тарды үйлестіру және діни экс­тремизмнің алдын алу бойынша кешенді мәселелерді талқылады. Семинарды облыс әкімі Бер­дібек Сапарбаев кіріспе сөз сөй­леп ашып, Елбасының бас­ты тап­сырмасы ұлттар мен кон­­фес­сия­аралық татулық пен түсі­ніс­тікті қалыптастыруда, бірлікті ны­ғайтуда нақты жұмыстар жаса­лып жатқанына тоқтала келіп, өңірде 10 конфессиядан тұра­тын 89 діни бірлестіктің жұмыс істейтінін жеткізді. Діни экстремизм мен терроризм­ге қарсы жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанымен, шешімін күткен мәселелердің бар екенін де жа­сырмады. Бұл бағытта «Аңсар» ақпараттық-кеңес беру орта­лы­ғының діни сауаттылықты жетіл­діруге, түсінік жұмыстарын жүр­гізетін, діни жат ағымға бой алдырушылық байқалатын Мұ­ғалжар, Темір және Байға­нин аудандарында мұндай келең­сіздіктің алдын алу үшін Темір ауданында арнайы орталық құрыл­ғанын баяндады. Өз кезегінде сөз алған Мем­­ле­кеттік хатшы Елбасы Н.Назарбаев­тың Қазақстанды де­мо­­кра­тиялық, зайырлы және эконо­микалық дамыған мемлекет ретінде даму векторын нақты айқындап бергеніне тоқталды. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық пат­риоттық идеясының маңызды құндылығы – зайырлы қоғам және жоғары руханият еліміздің барлық азаматтарын бірігуге шақырады. Осы құндылықтарды қалып­тастыруға және дамытуға мемле­кеттік органдар мен азаматтық қо­ғам­ның күшін бағыттау керек», – деп атап өтті Гүлшара Нау­шақызы. Қазақстан Республикасының Мә­дениет және спорт вице-ми­­нистрі Марат Әзілханов дін мәселесіне қатысты проб­­­ле­маларды шешу жолдарын нақ­­ты айтып өтті. Орал және Ақ­төбе ар­хие­пис­копы Антоний біздің елдегі­дей дінге деген шынайы көз­қарастың еш елде жоқ екенін айта келіп, діннің біріктірушілік қуаты мол екенін әңгіме өзегіне айналдырды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанов өңірдегі діни экстремизмге және жат ағымдарға бой алды­ру­шылықтың алдын алуға байла­нысты ізденістер туралы ойлары­мен, халықты алаңдатып отыр­ған мәселені шешудегі тәжіри­белерімен бөлісті. Сапары барысында Мем­лекет­тік хатшы мемлекеттік-же­кеменшік әріптестігі аясында са­лынған, барлық талаптарға сай келетін, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған «Айлин» балалар бақшасында болып, оның жұмысымен танысты. Қазіргі таңда бұл балабақшада 450 бала тәрбиеленуде. Балабақшаны жеке кәсіпкер Зәмзәгүл Баймағам­бетова пайдалануға берді. Балалар мекемесінің құрылысына 700 миллион теңге инвестиция салын­ған. Бұл оның мемлекеттік-жеке­меншік әріптестігі аясында салған төртінші балабақшасы екен. Осы төрт балабақшада 200-ден астам жұмыс орындары ашылған. Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова «Фи­зика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мекте­бі» оқушыларының шығарма­шы­­лығымен, ғылыми-жобалық жұ­мыс­тарының көрмесімен және жүр­гізіліп жатқан әлеумет­тік тәжірибелермен танысты. Облыс­тың әйелдер қауымымен – мәс­лихат депутаттары, мемле­кеттік органдар басшылары, бизнес-қауымдастық, шығар­ма­шыл зия­лы қауым және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кез­десті. Кез­десу барысында Мемле­кет бас­шы­сының Ұлт Жоспарын жү­зеге асыруға әйелдердің белсен­ді қаты­суы, әйелдер кәсіпкерлігін қол­­дау, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды ны­­ғайту, отбасылық-демогра­фия­лық саясатты дамыту мәсе­лелері талқыланды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Қазақстан жаңа жаһан­дық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы әрбір қазақ­стан­дыққа, соның ішінде ел тұрғын­дарының басым бөлігін құрай­тын әйелдер қауымына жаңа мүм­­кіндіктер ашады. Атап өту керек, ақтөбелік кәсіпкер қыз-ке­лін­­шектер осы мүмкіндікті тиімді пай­далануда», – деп түйіндеді ойын Мемлекеттік хатшы. Мемлекеттік хатшы мен ақ­тө­белік әйел кәсіпкерлердің кез­десуінде шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты тың ойлар айтылып, ұтымды ұсыныстар ортаға салынды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.