• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2016

Қоғамдық кеңес құрылды

230 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының жанынан Қоғамдық кеңес құрылып, оның алғашқы отырысы өтті. Кеңестің мақсаты – азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету және олармен тығыз байланыс орнату, архив қызметін іске асыру барысында архивтік ақпаратты қолданушылардың мүддесін ескеру болып табылады. Қоғамдық кеңес стратегиялық жоспарларды және даму бағ­дар­ла­маларын, бюджеттерді, есептерді, мақ­сатты индикаторлардың жетістіктерін, азаматтардың құқықтары мен еркін­діктеріне қатысты нормативті-құқық­тық актілерінің жобаларын талқылауға өкілетті. Жуырда Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтіп, онда 2016 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы және ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қоғамдық кеңестің төрағасы В.Шепель ағымдағы жылдың 1 қаң­тарынан бастап Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, құрылу тәртібін және қызметін ұйымдастыру қыз­метін анықтайтын 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгендігі туралы хабарлады. Қоғамдық кеңестің қызметі архив үшін қабылданатын өзекті шешімдер кезінде ақпараттың жариялылығына және ашықтығына септесуге бағытталады. Қоғамдық кеңес мүшелерін жұ­мыс­тың басталуымен Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Архивінің директоры Б.Жапаров құттықтап, архив тәуел­сіз бағалауға мүдделі екендігі, сон­дай-ақ, архивтің жұмысын одан әрі же­тіл­діруге қатысты барлық ұсыныстар мен ескертпелер назардан тыс қалмайтыны жайлы мәлімдеме жасады. Қоғамдық кеңес мүшесі қатарында саясаттанушы, тарихшы Данияр Әшімбаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарихнама, деректану және заманауи әдістеме бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Жүгенбаева, журналист-жазушы Владислав Владимиров, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері, PhD докторанты, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Алмас Жүнісбаев, «Туған өлке» («Родной край») журналының бас редакторы Сәуле Боранбаева, Қазақстан Президенті Архивінің баспасөз хатшысы (Қоғамдық кеңестің хатшысы) Жанар Сатаева бар. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».