• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2016

Тікұшақ тұманнан адасып құлады

288 рет
көрсетілді

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2016 жылғы 27 қаңтар күні сәрсенбіде Үшарал ауылынан ауыр науқасты облыстық ауруханаға жеткізу үшін Талдықорғанға бет алған MD-600 Helicopter тікұшағы тұманды қарлы боранның салдарынан адасып кеткен. Шұғыл іздестіру жүргізілгенімен, Талдықорғаннан 18 шақырым жердегі сайда апат болған тікұшақ ертеңгі таңғы 8 сағат 20 минутта бір-ақ табылды. Санитарлық авиация мен «Аспан» әуе компаниясының мә­ліметі бойынша тікұшақтағы 5 адам түгел мерт болыпты. Осы күні оқиға орнына Ішкі істер ми­нис­трінің орынбасары, генерал-лейтенант Вла­димир Божко және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келіп жетті. Өңір басшысы тарапынан шұғыл шешім қабылданып, қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі атқарылып, жан­ұяларына 1 млн. теңгеден ма­териалдық көмек көрсетілетін болды. Орын алған оқиға бойынша тергеу амалдары жүр­гізілуде. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.