• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Мессиді іздеген бала

372 рет
көрсетілді

ақыры онымен кездесетін болды Журналистер Аргентина құра­масы мен «Барселона» коман­дасының шабуылшысы Лионель Мессидің нөмірі жазылған ақ-көгілдір түсті футбол жейдесін киіп алып, суретке түскен кіш­кентай баланы іздестіріп жүріп, ақыры тауып алды. Ол Ауған­станның оңтүстік-батыс өңіріндегі Газни провинциясында тұратын Муртаза Ахмади есімді бес жасар балақай болып шықты. Әлбетте, «Алтын доптың» бес дүркін иегерінің жас фанаты өзінің интернет желісінде нағыз танымал тұлғаға айналып жатқаны жөнінде сол сәтте мүлдем хабарсыз еді. Ал оның жоғарыда аталған суретін ағасы бұдан бірнеше апта бұрын Facebook әлеуметтік желісіне салып қойған екен. Осыдан кейін мыңдаған желі пайдаланушы балаға нағыз футбол жейдесін сыйға тарту үшін оны жаппай іздестіреді. Ақырында осы дабылды жорық өзінің жемісін береді. Бұқаралық ақпарат құралда­рының өкілдері бұл отбасын тауып алғанда, баланың әкесі Мухаммад Ариф ұлына жақсы киім-кешек пен жабдықтар сатып әперуге шамасы келмегенін мойындайды. Сондықтан бала пластикалық пакеттен жасалған жейдесін өзі бояп киіп алады. «Бәрі былтыр, Муртаза аулада өзінің құрдастарымен бірге футбол ойнауға кіріскен кезде басталды. Содан бастап ұлым телевизордан футбол қарайтын болды. Оған Месси бірден ұнады. Сосын ол соған, ағасы басқа футбол­шыға жанкүйерлік етуге көшті. Бізде жарық үзіліспен беріледі. Сондайда күн батареясын пайдаланып, кішкентай телевизорымызды қосатын болдық. Сол кезден-ақ Муртаза Мессидің футболкасына қол жеткізуді қатты қалады. Осыған байланысты Аргентина құрамасы форвардын көз алдына елестететін ақ-көк түсті пластикалық пакет сатып алып, оны бояп шықты. Ағасы «10» деген цифр мен «Месси» деген атауды жазып берді. Муртазаның өз добы да жоқ. Футбол ойнар кезде оны үлкендерден сұрап алады. Енді ұлым өзі пір тұтатын футболшымен кездесуді армандайды. Және оның әйтеуір бір болатынына сенеді», – дейді баланың әкесі. Ал Ауғанстан футбол феде­рация­сындағылар Лионель Месси өкілдерінің өздерімен хабар­ласқан­дарын жеткізді. Қазір Месси мен баланың кездесуін ұйым­дастыру жолында жұмыстар жасалып жатыр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.