АСТАНА. 4 ақпан. Ресейдің Ульяновск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы отандастарымыз Норвегияны 11:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, біздің құрама жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ойын барысында Қазақстан сапынан Вячеслав Бронников төрт мәрте мергендігімен көзге түссе, Рауан Исалиев хет-трик атанды. Сондай-ақ, Руслан Галяутдинов – екі, Максим Гавриленко мен Сергей Почкунов бір голдан соқты.
Ал Норвегия құрамасынан Николай Йенсен екі рет біз қақпаны дәл көздесе, үшінші гол Фредрик Рэндсборгтың еншісіне жазылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан А тобында айдын иесі Ресейден 1:9, Швециядан 4:11 есебімен жеңілген болатын. Ал үшінші кездесуде Финляндиядан 5:4 есебімен басым түсті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: rsport.ru.