Сенатта «Діндер терроризмге қарсы» конференциясына әзірлік жайы талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 31 мамыр – 1 маусымда Астанада өтетін «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XV отырысына әзірлік және оны өткізу мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді.
Аталған шара Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық үнқатысуды ілгерілету және терроризмге төтеп беру жөніндегі бастамаларын іске асыруға бағытталған. Сенат Төрағасының пікірінше, Съезд Хатшылығының кезекті отырысының қарсаңында конференцияны өткізу түрлі елдердің беделді діни қайраткерлері мен парламентшілерін бір үстелге бастарын қосуға мүмкіндік береді. Қ.Тоқаев шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру және мазмұнды әзірлікті қамтамасыз етуді тапсырды.
Кеңесте Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әзілханов сөз сөйледі.