• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2016

Әскери қызметшілер қазіргі заманғы байланыс құралдарын меңгеруде (фото)

387 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 ақпан. Қапшағай қаласындағы «Қазбат» бітімгершілік батальонының базасында әскери қызметшілер үшін «Харрис» радиостансаларын пайдалануға және оларды «Хаммер» автомобильдеріне орнатуды үйретуге арналған оқыту курсы басталды. Әскер қызметшілерді «Қазбат» байланысының мамандары оқытады. Радиостансалар былтыр Қазақстан мен АҚШ-тың қорғаныс ведомстволары арасындағы бес жылдық ынтымақтастық жоспары және «Бітімгершілік операциялар бойынша жаһандық бастама» (GPOI) бағдарламасы аясында «Қазбат» бітімгершілік батальонын жасақтау үшін Құрама штаттардан әкелінді. Радиостансалар «Қазбаттың» жауынгерлік даярлығы үшін таптырмас құрал. Ол НАТО талаптарына сәйкес жасалынған. Америкалық сарапшылар «Қазбат» әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығына жақсы баға берді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.