• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2016

Оңтүстікте қайта өңдеуге ден қойылуда

301 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 8 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 116 қайта өңдеу өнеркәсібі жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімдігінен алынған ақпарат бойынша өңірде жалпы қуаттылығы 38,5 мың болатын 43 ет өнеркәсібі, 130 мың тоннадан астам өнімді қайта өңдейтін 38 сүт фермасы, жылына 107,6 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін 35 қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды. Былтыр қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қосымша ет 8,1 мың тонна, сүт 9 мың тонна және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу қуаттылықтары 18,6 мың тоннаға артып, меже артығымен орындалды. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 28,6 млрд.теңгеге ұлғайып, 158,6 млрд. теңгеге жеткен. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz