• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2016

Мемлекет басшысы Түркия премьер-министрімен кездеседі

173 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 ақпан. Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы белгілі болды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қазақстан Президенті 6 ақпанда Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесу өткізеді. Кездесуде сауда-экономика, транзит-көлік және энергетика салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолдары талқыланады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер мен өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың аспектілерін қарастырады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.