2010 жылғы 28 қараша, Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы №1126 және 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолда:
екінші абзацта:
«88 214,9» деген сандар «74 378,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«22 134,9» деген сандар «16 297,9» деген сандармен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «13 040,5» деген сандар «12 441,8» деген сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
«34 335,0» деген сандар «26 330,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«11 675,1» деген сандар «8 968,5» деген сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта:
«32 784,7» деген сандар «27 551,2*» деген сандармен ауыстырылсын;
«10 459,8» деген сандар «7 329,4*» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:
«Тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 5.3.3-кіші бөлімде:
алтыншы бөліктегі «тұрғын үй» деген сөздерден кейін «және/немесе жылыжай» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір шаршы метр тұрғын үй құрылысының құны Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес айқындалады.»;
оныншы бөліктің 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары «тұрғын үй» деген сөздерден кейін «және/немесе жылыжай» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
екінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«88 214,9» деген сандар «74 378,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«22 134,9» деген сандар «16 297,9» деген сандармен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «13 040,5» деген сандар «12 441,8» деген сандармен ауыстырылсын;
төртінші абзацта:
«34 335,0» деген сандар «26 330,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«11 675,1» деген сандар «8 968,5» деген сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
«32 784,7» деген сандар «27 551,2*» деген сандармен ауыстырылсын;
«10 459,8» деген сандар «7 329,4*» деген сандармен ауыстырылсын;
«2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 15-жолда:
2-бағанда:
«оның ішінде» деген сөздер «оның ішінде:» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде,» деген сөздер алып тасталсын;
«Құрық ауылында» деген сөздерден кейін «және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында» деген сөздермен толықтырылсын;
«Асар» шағын ауданында» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, «2011 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Жаңатаң ауылында, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының Кендірлі ауылында, Солтүстiк Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында» деген сөздермен толықтырылсын;
6-бағанда:
«9 163,5*» деген сандар «8 968,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«9 163,5*» деген сандар «7 329,4*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағанында:
«13 027,6» деген сандар «12 428,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«16 071,1» деген сандар «8 548,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«17 431,7» деген сандар «14 147,7*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17-жолда:
2-бағандағы «Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының Құрық ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында,» деген сөздер алынып тасталсын;
6-бағанда:
«3 356,8*» деген сандар «2 336,3» деген сандармен ауыстырылсын;
«1 296,3*» деген сандар «1 183,2*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 18-жолда:
2-бағанда:
«әлеуметтік» деген сөз «инженерлік-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның ішінде» деген сөздер «оның ішінде:» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қостанай облысы, Қостанай ауданының Заречный кентінде,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Құрық ауылында» деген сөздерден кейін «және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында» деген сөздермен толықтырылсын;
«Асар» шағын ауданында» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, «2011 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Жаңатаң ауылында, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Кендірлі ауылында, Солтүстiк Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында, Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында» деген сөздермен толықтырылсын;
6-бағандағы «2010 ж. – 4 890,9*» деген сөздер «2010 ж. – 5 626,5» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 19-жолдың 6-бағанындағы «850,6*» деген сандар «850,6» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 21-жолдың 6-бағанындағы «2010 ж. – 2,1», «2011 ж. – 2,3» деген сөздер алынып тасталсын;
«Республикалық және жергілікті бюджеттердің барлық қаражаты» деген жолда:
«88 214,9» деген сандар «74 378,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«22 134,9*» деген сандар «16 297,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«оның ішінде» деген жолда:
«республикалық бюджет» деген жолда:
«13 040,5» деген сандар « 12 441,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«34 335,0» деген сандар «26 330,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«11 675,1*» деген сандар «8 968,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«32 784,7» деген сандар «27 551,2*» деген сандармен ауыстырылсын;
«10 459,8*» деген сандар «7 329,4*» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Ресурбликасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 213-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:
2-тармақта:
5) тармақшада:
«қалаларындағы,» деген сөзден кейін «Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Жаңатаң ауылындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Құрық ауылындағы» деген сөздер «Құрық пен Кендірлі ауылдарындағы және Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1) тармақшада:
«Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентінде,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Құрық ауылында» деген сөздерден кейін «және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында» деген сөздермен толықтырылсын;
«тұрғын үй сатып алу» деген сөздер «тұрғын үй және жылыжай сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) 2011 жылғы пилоттық жобалар – жергiлiктi атқарушы орган қайтарымды негiзде республикалық бюджеттен бөлген қаражат есебінен Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Жаңатаң ауылында, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Кендірлі ауылында, Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында тұрғын үй салу, сондай-ақ Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй және жылыжай сатып алу;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:
тұрғын үй және ішкі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi;
жылыжай салу бойынша – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;»;
4-тармақтың бірінші абзацында:
«қалаларындағы,» деген сөзден кейін «Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Жаңатаң ауылындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Құрық ауылындағы» деген сөздер «Құрық пен Кендірлі ауылдарындағы және Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы «көшірмесін» деген сөзден кейін «не Бағдарламаға қатысушы мен құрылыс салушы компания арасындағы жер учаскесін сату-сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін» деген сөздермен толықтырылсын;
8-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi» деген сөздерден кейін «тұрғын үй және ішкі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-3-тармақпен толықтырылсын:
«8-3. 2010 жылғы пилоттық жоба бағдарламасына қатысушыларға Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жылыжайларды сату үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жылыжай салу бойынша Бағдарламаға қатысушыларға жылыжай салуға және сатуға арналған кредит шартына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақы ставкасы бойынша кредит береді.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы:
Бағдарламаға қатысушымен Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай сатып алуға екі жақты шарт жасасады;
Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай салу үшін құрылыс салушы компаниялардың арасында конкурс өткізеді.»;
«Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақмола облысы Қарабұлақ ауылындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі» деген кіші бөлімнің тақырыбында:
«Ақмола облысы Қарабұлақ ауылындағы,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі,» деген сөздер алынып тасталсын;
«қалаларындағы,» деген сөзден кейін «Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Жаңатаң ауылындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Құрық ауылындағы» деген сөздер «Құрық пен Кендірлі ауылдарындағы және Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақта:
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай сатып алуды жүзеге асыру;»;
үшінші абзацта:
«тұрғын үйді» деген сөздер «тұрғын үй мен жылыжайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үйдің» деген сөздер «тұрғын үй мен жылыжайдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтағы «тұрғын үйді» деген сөздер «тұрғын үй мен жылыжайды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.