• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Аспанға ұшатын автокөлік

1406 рет
көрсетілді

дүние жүзінде бірінші рет өмірге келгелі тұр Американың Terrafugia компаниясы әлемде бірінші болып ұшатын автомобильді жасап шы­ғарды. Авто­мобильді аспанға алып шығатын TF-X қондырғысы өзінің алғашқы аэродинамикалық сынағына кірісіп кетті. Өндіріс орны жаңа көлікті 2018 жылы жаппай өндіріске қойғалы жатыр. Компания өкілі ұшушы автомо­бильді жасауға Массачусетс техно­логиялық институты мамандарының қатысқанын мәлімдеді. Қазіргі күндері TF-X қондырғысының бірінші прототипі тап осы оқу ор­нындағы аэродинамикалық тұр­бада тексеруден өтуде. Машина жасаушылардың айтуларынша, ұшушы жабдықтың 300 аттың күшіне тең екі жылжымалы қана­ты бар. Солардың көмегімен TF-X сағатына 322 шақырымдық жыл­дамдықпен ұша алады. Ұшу кезінде машинаны автопилот басқарады. Мұндай қозғалыс құралының иесіне компьютерге баратын жерді айтып берсе, жетіп жатыр. Содан соң оның өзі жолау­шыны қонатын нүктеге барынша қысқа жолмен өзі алып барады. «Болашақтың автомобилін» ойлап табушылар өздерінің бас­ты мақсаты жолаушы мен жүкті «есіктен – есікке» алып баратын, кә­дімгі машина тәрізді гаражға сыйы­п кете беретін көлік жасау болып табылатынын атап өтті. Бірақ олар өздері шығарған инновацияны автомобиль ретінде атап отырған жоқ. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ. Жаңа текті автомобильдің ұшуы сәтін хабардың сайттағы нұсқасынан көре аласыздар. https://youtu.be/wHJTZ7k0BXU