• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы №160

441 рет
көрсетілді

2010 жылғы 13 мамыр, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 27 шілде 2007 жылғы «Білім туралы» заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көк­шетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау тәртібін анықтау мақ­сатында бұйырамын: 1. Қосымша берілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техни­ка­лық институтына» мемлекеттік мекемесіне қа­былдау Ережесі, бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадрлық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін. 3. Министрліктің орталық аппаратының құры­лымдық бөлімшелерінің, Өртке қарсы қызмет ко­митетінің, Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің, об­лыстық, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің, әскери бөлімдерінің, жедел құтқару жасақтарының, облыстарының, Астана және Алматы қалаларындағы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі», «Көкшетау техникалық институты», «Республикалық дағдарыс орталығы», «Апаттық медицина орталығы» мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты мем­лекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың бас­шы­лары, осы бұйрықты қызметкерлерінің назарына жеткізсін және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2007 жылғы 24 сәуір № 74 «Көкшетау техникалық институтына іріктеу мен қабылдау Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4776 болып енгізілген, 2007 жылғы маусым-шілде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жина­ғында жарияланған) бұйры­ғының күші жойылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық ресми түрде бірінші жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В.БОЖКО. _____________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 160 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау ережесі 1. Жалпы ереже 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтына» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау туралы аталмыш Ереже (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 «Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын іске асырушы білім ұйымдарына оқуға қабылдаудың жалпылама ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5115 болып енгізілген) бұйрығына сәйкес әзірленген. 2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Институт) мамандықтар тізіміне сәйкес жоғары кәсіптік біліммен мамандарды даярлайды. 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің бұйрығымен мемлекеттік қабылдау, ман­даттық, апелляциялық, курсанттарды бөлу комиссиялары құрылып олардың Ережелері 4. Институтқа күндізгі оқуға Қазақстан Респуб­ликасының жалпы орта, бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орташа білімнен кейін) білімі бар, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, қабылдау емтиханын оңді тапсырған азаматтар қабылданады. 5. Институтқа сырттай оқуға жалпы орта, бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орташа білімнен кейін) білімі және жоғары білімі бар, түсу емтиханын ойдағыдай тапсырған Қазақстан Респуб­ликасы Төтенше жағдайлар инистрліктің (әрі - қарай Министрлік) жинақтау органдарының қызметкерлері қабылданады. 6. Институтқа қабылдау бірыңғай ұлттық тестілеу (ары қарай - ҰБТ) бойынша берілген сертификатқа сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғы­лым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен (ары қарай ҰТО) әзірленген технология бойынша жиынтық тестілеумен жүргізіледі. Институтқа азаматтарды күндізгі оқуға қабылдау төрт кезеңде жүргізіледі: бірінші кезеңде Институттың қабылдау комиссиясы ҰБТ сертификаты немесе жиынтық тестілеуіне сәйкес ірік­теу жүргізіп, оқуға үміткерлер құрамын қалып­тастырады; екінші кезеңде медициналық және психофизикалық көрсеткіш бойынша іріктеу жүргізіледі; үшінші кезеңде дене тәрбиесі бойынша іріктеу жүргізіледі; төртінші кезеңде мандаттық комиссия курсанттар санатына енгізуді жүргізеді. Сырттай оқуға қабылдау жиынтық тестілеу сертификаты баллдарына сәйкес қабылданады. 7. Мандаттық комиссиясы өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама­ла­рын, Министрліктің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады. 8. Институтта оқуға азаматтарды іріктеуді бекітілген күндізгі және сырттай оқу факультеттерін жинақтау жө­ніндегі рұқсат қағазға сәйкес Астана, Алматы облыстары мен қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері, Министрліктің әскери бөлімдері, құтқару құрылымдары жүргізеді. Оқуға үміткерлердің жеке істері мен оқу істерін рәсімдеу Министрліктің кадрлар бөлімшелеріне жүктеледі. 9. Институтқа азаматтардың құжаттары жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министр­і­нің жасақтау туралы бұйрығымен анықталатын мерзімде жіберіледі. 10. Оқуға (күндізгі оқу формасына) үміткердің жеке ісінде оқуға жолдама алу туралы мәлімдеме (өтініш), Министрлік қызметкерлері үшін оқуға жолдама туралы қорытынды нәтижесі бар аттестациялық парақ, өмірбаян, кадрлар есебі бойынша жеке парақ, соңғы жұмыс орны­нан мінездеме, нотариалды расталған орташа білім тура­лы құжаттың көшірмесі, әскери-дәрігерлік комиссия қо­ры­тын­дысымен медициналық куәландыру картасы, жеңілдікке құқық беретін нотариалды расталған құжат көшірмелері, арнайы тексеріс материалдары, 4,5х6 см көлеміндегі бас киімсіз үш фото сурет, 9х12 см. көлеміндегі бір фото сурет. 11. Сырттай оқуға іріктелген төтенше жағдайлар органдар және құрылымдардың қызметкерлеріне мәлім­деме, нотариалды расталған білім туралы құжаттары қосымшамен, оқуға жіберу туралы ұсынысы бар аттес­тациялық парақ, медициналық анықтама, 4,5х6 см көлеміндегі үш фотосурет және кадрлар есебі бойынша парағы рәсімделеді. 12. Күндізгі оқуға 25 жасқа дейінгі түлектер қабылданады. 13. Күндізгі оқуға түсуші азаматтар Институтта уақытша арнайы ұйымдастырылған әскери-дәрігерлік комиссияда қосымша медициналық және психофи­зио­ло­гиялық куәландырудан өтеді және дене тәрбиесі дайын­дығы бойынша бекітілген нормативке сәйкес сынақ тапсырады. 14. Сырттай оқуға Министрліктің жинақтау орган­дарының кем дегенде 1 жыл еңбек өтілі бар, 37 жастан аспаған қызметкерлері қабылданады. 15. Сырттай оқуға қабылдау үшін жалпы орта, бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіп­тік (ортадан кейінгі) білімі бар Министрлік қызмет­керлерінен ҰТО әзірлеген технология бойынша кешенді тестілеу жүргізіледі. 16. Оқуға түсу үшін жіберілген жетім балаларға және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға, Минис­тр­ліктің жинақтау органдарымен жолға кеткен шығын­дары төленеді, сондай-ақ Институтпен солдаттық үлес нор­масына сәйкес азықпен қамтамасыз етіледі. 2. Жиынтық тестілеуін өткізу 17. Жиынтық тестілеу, тестілеу жүргізу (базалық жоғары оқу орындар) пункттерінде жүргізіледі. 18. Жиынтық тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының (базалық жоғары оқу орны) қабылдау комиссиясына, Институттың бекітілген үлгідегі бланкіде өтініш, алғашқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік) немесе орта кәсіптік (ортадан кейін) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе диплом (тұпнұсқа), тестілеуді жүргізу үшін төлем туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет, медициналық анықтама, сонымен қатар жеке куәлік көшірмесін тапсырады. 19. Кешенді тестілеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау базалық жоғары орны кестесіне сәйкес жүргізіледі. 20. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында жүргізіледі. 21. Кешенді тестілеуге келген азамат жеке куәлігі (төл құжат) мен Институт берген емтиханға рұқсат қағазын көрсетеді. 22. Кешенді тестілеу азаматтың еркі бойынша қазақ және орыс тілдерінде орта білім оқу бағдарламасы көле­мінде төрт пән бойынша жүргізіледі: қазақ және орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және физика. 23. Әр пән бойынша тестілеу тапсырмалары 25. Әр тестілеу тапсырмасының дұрыс жауабы бір баллмен бағаланады. 24. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут беріледі. Тестілеуді қайта тапсыру жіберілмейді. 25. Кешенді тестілеу нәтижесін сараптау жиынтық тестілеу өткізген жоғары оқу орнында жүргізіледі. 26. Дұрыс жауап кодтары жиынтық тестілеуден кейін, жауап парақтарын сканерден өткізісімен ілінеді. 27. Кешенді тестілеу қортындысы өткізілген күні мемлекеттік комиссиямен жарияланады. 28. Кешенді тестілеу нәтижесі бойынша әр қаты­сушыға мемлекеттік комиссиямен тестілеуден кейін үш күнтізбелік күн аралығында сертификат беріледі. 29. Кешенді тестілеу нәтижесімен келіспеген азамат апелляцияға өтініш беруіне болады. 3. Институтқа қабылдау. 30. Институтқа оқуға қабылдауды мандаттық комис­сия­мен тамыздың 1 мен 10 аралығындағы жиынтық тес­тілеудің ҰБТ қортындысы және дене тәрбиесі дай­ын­дығы бойынша сынақ, психофизикалық және медици­на­лық куәландыру, әңгімелесу нәтижесі есебімен күндізгі және сырттай оқу факультеттерін жасақтау рұқсат қаға­зына сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі. 31. Оқуға ағымдағы жылдың жалпы орта білім ұйымдарының ҰБТ өткен және жиынтық тестілеудің нәтижесі бойынша қазақ және орыс тілдерінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және физика пәндерінен 50 баллдан кем емес балл жинаған, оның ішінде профилдік пәннен (математика) 7 баллдан кем емес балл жинаған түлектер қабылданады. 32. Жиынтық тестілеудің ҰБТ сертификатындағы баллдардың көрсеткіші бірдей болған жағдайда қабыл­дауға артықшылыққа иеленеді: 1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған азаматтар; 2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халық­ара­лық олимпиада және ғылыми жарыстардың жеңім­паз­дары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен тізімі анықталатын, соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық конкурс­тардың орындаушылары және спорттық жарыстардың қатысушылары, сонымен қатар өздерінің таңдап алған мамандық пәндері бойынша ағымдағы жылда респуб­ликалық олимпиада және ғылыми жарыстардың жеңіс­керлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ; 3) жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, соғысқа қатысушы жеңілдігі мен кепілдігі бойынша теңестірілген тұлғалар, үздік білім туралы құжаты (аттестаттар, куәлар, дипломдар) бар тұлғалар, қызметтік міндетін орындауда мүгедектік алған және қайтыс болған Министрлік бөлімшелері қызметкер­лерінің балалары; 4) аттестат немесе дипломдарындағы орташа жоға­ры балл жинаған үміткерлер, профильдік пән (математика) бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер, дене тәрбиесі дайындығы бойынша сынақ тапсыру кезінде жоғары балл жинаған үміткерлер. 33. Жиынтық тестілеу кезінде осы Ереженің 32 пунктімен белгіленген шектеулі баллдан төмен сома жинаған үміткерлер курсанттар және тыңдаушылар санатына жіберілмейді. 34. Жоғары кәсіптік (жоғары) білімі және орта кәсіптік (профильдік) білімі бар үміткерлер Институттың мандат­тық комиссиясымен әңгімелесу нәтижесі бойынша қысқартылған мерзімде қабылданады. 35. Институтқа қабылдау туралы мандаттық комиссия шешімі Институт бастығы бұйрығымен рәсімделеді. 36. Азамат мемлекеттік қабылдау және мандаттық комиссиясы шешімінің нәтижесімен келіспеген жағдайда Министрліктің апелляциялық комиссиясына апелляцияға өтініш беруіне болады. 4. Қорытынды ереже. 37. Азаматтарды оқуға қабылдау мәселелері бойын­ша осы Ережеде және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен белгіленбеген жағдайда, Министрліктің қабыл­дау, мандаттық, және апелляциялық комиссиясымен олар­дың құзыреттеріне сәйкес өзінше шешіледі. 38. Институтқа азаматтарды оқуға қабылдағаннан кейін он күн мерзімінде Министрлік пен Қазақстан Рес­публикасы Білім және ғылым министрлігіне қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша мәтіндік қоры­тын­ды есеп, сонымен қатар курсанттар мен тыңдаушыларды қабылдау туралы бұйрық көшірмелері ұсынылады. ________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6297 болып енгізілді.