• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Мобильді интернеті арзан елдер

305 рет
көрсетілді

рейтингінде Қазақстан үздік ондықтың ішінде Content Re­view сараптама агенттігінің анық­тауы бойын­ша Қазақстан мо­бильді ин­тер­неті арзан ел­дердің рей­тин­гінде 9-орын­ға көтерілді. Ма­мандар мұндай нәтижеге 2014 жылғы ішкі жалпы өнім көлемі бойынша үздік 50 елдегі жағдайды сараптау арқылы қол жеткізген. Аталған агенттік мобильді интернеттің бір гигабайтының құнын пакеттік тарифті негізге ала отырып, бағалағанын айта кетейік. Сарапшылар әр елден осы салада көшбасшы деп саналған бір оператордың қызметін назарға алған. Бұл ретте Қазақстан үшін Kcell байланыс операторының бағалары қолданылды. Барлық бағалар Ресей Феде­рациясы Орталық банкінің 2016 жылғы 22 ақпандағы бағамы бойынша есептелген. Сонымен, Қазақстанда мобильді интер­неттің 1 гигабайтының құны 165 рубльге (759 теңге) бағаланып, еліміз аталған рейтингте 9-орынға жайғасты. Бұл – 2014 жылғы қыркүйек айындағы көрсеткіштен 4 сатыға жоғары. Алайда, бағалар ол кездегіден еш өзгермегенін атап өткен жөн. Рейтингтің көш басында Иран тұр. Бұл елде қолданушылар интернеттің 1 гигабайты үшін Hamrah-e-Avval операторына 13 рубль (60 теңге) төлейді. Екінші орынға Ресей табан тіреген. Солтүстіктегі көршіміздің «Мегафон» операторы 1 гигабайтты 117 рубльге (538 теңге) сатып отыр. Ал үздік үштікті Польша түйіндеді. Поляктар T-Mobile опера­торынан 1 гигабайтты 131 рубльге (602 теңге) сатып алады. Ернар МҰХАМБЕТ.