• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Польша Сенаты төрағасының ризашылығы

414 рет
көрсетілді

1 наурызда Қазақстанда алғаш рет аталып өтіп отырған Алғыс айту күніне орай Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскийдің атынан жолдау келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Жолдауда биыл поляк хал­қының тарихындағы қасіретті оқи­ға – Қазақстанға жаппай ерік­сіз көшірілгені кезекті мәрте ата­лып өтетіні айтылған. 1936 жы­лы коммунистік қуғын-сүргін сал­дарынан мыңдаған поляк ауыр қасіретке душар болып, бос­қын­дыққа ұшырады. Хатта ста­лин­дік тоталитарлық кезеңде көп­теген адам қаза тауып, азапқа ұшы­ра­ғаны айтылған. «Біз отандастарымызды және олардың бастан кешкен азабын еске ала отырып, ауыр кезеңде көшіріп әкелінген поляктарды өз бауырындай қабылдаған қазақтарды ізгілікпен еске аламыз», деп жазған С.Карчевский. Осыған байланысты Польша Сенатының Төрағасы Рим Папасы Иоанн Павел II-нің «Сіздердің дәстүрлеріңіздің бір бөлігі ашықтық пен ынтымақ рухынан құралған, өйткені, Қазақстан ежел­ден көптеген дәстүрлер мен мә­де­ниеттер тоғысқан мекен ретін­де көрініп келеді», деген сөзін келтірді. С.Карчевский сөзінің соңында өткен кезеңде өз отандастарын қолдағандарға және қазіргі таңда олардың ұлттық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтауға және дамытуға қолдау білдіргендерге алғысын айтты.