• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Қостанайдың Қарабалық ауданында Алғыс айту акциясы өтті (фото)

429 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 2 наурыз. Ресеймен шекарада жатқан Қарабалық ауданында Алғыс айту күні  «Алғыс айту – парызым» акциясы өтті. Бұл туралы Қарабалық ауданындағы тілдерді оқыту орталығы ақпаратына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресейдің Троицк қаласымен іргелес жатқан Қарабалық ауданының тұрғындарын түрлі ұлт пен ұлыстар өкілдері құрайды. Қазақстанда бірінші рет мерекеленіп отырған Алғыс айту күні аудандық тілдерді оқыту орталығы жанындағы «Насихат» клубының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – парызым» акциясы өткізілді. Аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры міендетін атқарушы Алтын Мержанова: «Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлады. Ауданда тұрып жатқан бірнеше ұлт өкілдері бір-біріне айлғыс айтып, шараны өткізіп жатқан жастарға ризашылықтарын білдіріп жатты. Акцияны өткізу тобының құрамына аудандық және облыстық байқаулардың жеңімпазы болған өнерлі, Қарабалық ауданының мемлекеттік тіл мен ағылшын тіліне қызығушылық танытқан   белсенді жастары кірді», – деді. «Насихат» клубы ағымдағы жылдың басынан жұмыс істей бастаған. Ол жастардың басын біріктіріп, олардың арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, Қазақстандағы тілдік әралуандылықты сақтауды насихаттайды. Алғыс айту күні өткен акция аудан орталығы жұртшылығының назарын аударды. Тұрғындар еліміздегі бірлікке, тыныштыққа, Елбасы саясатына, азапты жылдары келген аталарын бауырына тартқан қазақ халқына алғыс айтты. Сөйтіп жаңа мерекенің маңызын түсінді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.