• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Партия жақтастарының алқалы форумы

311 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабының өкілдері кеше Алматы облысындағы мыңдаған партия жақтастарын қамтыған форум жұмысына қатысып, өңірдегі ауылшаруашылық өкілдері мен жұмысшы ұжымдарымен кездесті және осындағы сайлаушылар үйлерін аралап көрді. Сондай-ақ, ДЭУ-15 көліктік-логистикалық салалық кәсіпорнының жұмысымен танысты. Делегацияны партия Саяси кеңесінің бюро мүшесі Қ.Сұлтанов бастап келді. Оның құрамында «Нұр Отан» пар­тиясының хатшысы З.Тұрыс­беков, Пар­ламент Мәжілісінің V шақы­ры­лымы­ның депутаттары С.Үмбетов, О.Өксік­баев, З.Балиева, спорт ардагері Ж.Үш­кемпіров, Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің ректоры «Қазақстанның Еңбек Ері» А.Мұсақожаева, эстрада әншісі Қ.Нұртас және т.б. танымал тұлғалар бар. Талдықорған қаласының Орталық ста­дионында «Нұр Отан» партиясы жақ­тастарының форумына 5 мыңнан астам адам қатысты. Талдықорған қалалық емханасының хирург дәрігері Жеңіс Ахметбеков былай деді: «Біз барлық отандастарымызды ал­дағы сайлауға қатысып, бірлік, тұрақ­тылық, жасампаздық үшін дауыс беруге шақырамыз. Бұл үш арғымақ Қазақ­станды табысқа жетелеп, келешегімізді кемелдендіреді». Ал жастар атынан сөз алған І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің сту­дент­тері Әсем Қалибек жастарға кең мүмкіндік ашып отырған Елбасына алғыс айтып, жастар­дың таңдауы «Нұр Отан» деп сенім білдірді. Сондай-ақ, РСШ мүше­лері «Хильниченко В.П.» шаруа қожа­лы­ғының жұмысшыларымен де кездесті. Бұл жиында штаб мүшелері халық саны 1,9 миллион адамды құрай­тын Алматы облысы елімізді 16,4% ауыл­шаруашылық азық-түлігімен қамта­масыз ететін ірі аймақ екенін атап өтті. «Нұр Отан» партиясы Төра­ғасы­ның бастамасымен құрылған инфра­құ­рылымды дамытуға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының ерекшелігі туралы Қапшағай қаласын­дағы «№15 Жол-пайдалану басқар­масының» ұжымымен өткен кездесу барысында айтылды. Жетісу өңіріндегі бағдарламаның басты нысаны – салынып жатқан қашықтығы 956 шақырым алты жолақты Алматы – Өскемен көлік жолы. Кәсіпорындағы 30 жұмысшы жыл сайын 6 мың шаршы метр шұңқырларды жабу, жол бойындағы белгілерді орнату және жол жиегін гүлдендіру жұ­мыстарын жүргізеді. Республикалық сайлауалды штаб өкілдері жоспарлы кездесулерден басқа, облыс тұрғындарының үйлерін де аралады. Сайлаушыларға «Нұр Отан» пар­тиясының бағдарламасын таныстырып, «Нұр Отанға» дауыс беруге шақырды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.