• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Сауд Арабиясы Азия мемлекеттері үшін мұнай бағасын көтереді

414 рет
көрсетілді

 АСТАНА. 3 наурыз. Сауд Арабиясы осы жылдың сәуір айынан бастап Азияның тұтынушы мемлекеттері үшін мұнай бағасын көтереді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Saud Aramco ұлттық компаниясы Arab Light маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы азиялықтар үшін 0,25 долларға дейін көтереді. Осыған байланысты, орташа бағаның жеңілдіктері 1 доллардан 0,75 долларға дейін төмендейді. Ұлттық компания сондай-ақ, мұнайдың өзге екі түрінің бағасын 0,25 доллардан 0,35 долларға дейін қымбаттатады. Айта кетейік, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының хабарлауынша, кеше, яғни 2 наурыз күні Arab Light маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 31,59 долларды құрады. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: today.kz.