• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2011

Қосарланған тұңғыш болмайды. Ол – жалқы

503 рет
көрсетілді

Астанадағы Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның, Ре­сейдің, Жапонияның, Герма­ния­ның, Франция мен Қытайдың жетекші ғалымдары мен ма­ман­дары қатысқан «Ғарыш адам­заттың игілігі үшін – бо­лашаққа көзқарас» деген та­қы­рыпта халықаралық конференция болып өтті. Бұл Юрий Га­гариннің ғарышқа ұшқанының 50 жылдығы шеңберінде ұйым­дастырылатын шаралардың ал­ғаш­қылары қатарында көрініс тапты. Және оның еліміз Ұлт­тық ғарыш агенттігінің төраға­сы Талғат Мұсабаевтың 60 жыл­ды­ғына орайластырылғаны да кө­ңіл­ге қонғанын айта кеткеніміз жөн. Әрине, біз қасиетті қазақ жерінен адамзат баласы тұңғыш рет ғарышқа ұшқанын, елімізде дүние жүзіндегі ірі ғарыш кешені болып табылатын «Байқоңыр» космодромы орналасқанын заңды мақтаныш етеміз. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 1991 жылдың 2 қазанындағы, ал келесі қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевтың 1994 жылдың 1 шілдесіндегі ғарышқа сапарлары да көптен күткен арманымызға қол жеткізуіміз ретінде орынды бағаланды. Сол уақыттан бері ғарыш көгінде қазақ азаматы самғамағаны, 2003 жылдан бері 2 қандасымыз – Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетовтің ғарышкерлікке үміткерлер ретінде Ресейдегі ғарышкерлер даярлайтын орталықта арнайы дайындықтан өткендері, бірақ олардың ғарышқа қашан ұшары белгісіз болғандықтан, бір үміткер қандасымыздың Ресей азаматтығын алуға ниет таны­тып отырғаны бөлек әңгіме. Бұл жерде біздің айтпа­ғымыз – университеттегі халық­аралық конференция бары­сын­да Т.Мұсабаевтың: «Қазақ­стан­дықтар бір нәрсені жете тү­сінбей жүр. Тоқтар Әубәкіров кеңестік кезеңде ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері, ал мен болсам, тәуелсіз елдің тұңғыш ғарыш­ке­рімін», деген сөздерінің қисынға келіңкірей қоймай­тын­дығы. Қосарланған тұңғыш бол­майды. Тұңғыш – қашанда жалқы. Самат МҰСА.