• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №8

282 рет
көрсетілді

2016 жылғы 8 қаңтар, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 11-бабы 9) тар­мақшасына, 24-бабы 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-1), 9-4), 9-8), 9-9), 9-10) тармақшаларына сәйкес бұйы­рамын: 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде мәліметтер беруді қамтамасыз етсін. 5) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін. 6) Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Е.БІРТАНОВ. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ___________________Қ. Қасымов 2016 жылғы «____»_____________ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ___________________Е. Ыдырысов 2016 жылғы «____»_____________ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________________А. Исекешев 2016 жылғы «____»_____________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 қаңтардағы №8 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі 1. «Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі 328-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8599 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 тамыздағы № 259 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін: Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасында: 1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орталыққа алғашқы қоныстандыру үшін этникалық қазақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш береді. Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган өтінішті берген күні қарайды.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. «Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері Орталықта оралман мәртебесін алғанға дейін, күнтізбелік 10 күннен көп емес тұрады.». 2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 260 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған): тақырыбына мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидалары осы тізбеге сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 330-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8601 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 260 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері – оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені; 2) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге және олардың уақытша тұруына арналған заңды тұлға; 3) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары».»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Орталықта тегін тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне мынадай қызметтер көрсетіледі: 1) ақпараттық және анықтамалық қызметтер ұсыну; 2) аударма қызметі бойынша қызмет көрсету; 3) жұмысқа орналастыруда, кәсіптік даярлауда, қайта даярлауда және біліктілікті арттыруда көмек; 4) Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін оқыту, заңнама негіздері және шағын кәсіпкерлікті ашу бойынша курстар өткізу; 5) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу; 6) құқықтық қызмет көрсету (кеңестер, консультациялар және тіркелуде, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беруде, азаматтықты, әлеуметтік жәрдемақылар алуда көмек); 7) Қазақстан азаматтығын алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу; 8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу; 9) мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту; 10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесу.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Орталықта уақытша негізде тұру үшін этникалық қазақтар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері (оралман мәртебесін алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 10 күннен аспауға тиіс) тегін орналастырылады.». 4. «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларын, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8600 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 260 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жолдама – оралман мен оның отбасы мүшелеріне Орталыққа орналасу үшін халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган беретін құжат; 2) Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге және олардың уақытша тұруына арналған заңды тұлға; 3) өтініш иесі – Орталыққа орналасу мақсатында халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш беретін оралман және оның отбасы мүшелері.». 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Өтініш иелерінің Орталықта тұруы оралман мәртебесі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады, бірақ орналасқан күнінен бастап алты айдан көп емес.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері – оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені; 2) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.». 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Орталықта тегін тұратын оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне келесі бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері көрсетіледі: 1) ақпараттық және анықтамалық қызметтер ұсыну; 2) Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін оқыту, заңнама негіздері және шағын кәсіпкерлікті ашу бойынша курстар өткізу; 3) әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізу; 4) құқықтық қызмет көрсету (кеңестер, консультациялар және тіркелуде, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беруде, азаматтықты, әлеуметтік жәрдемақылар алуда көмек); 5) мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту. 5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 67-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9293 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауданның (қаланың), облыстың (елорданың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ____________ауданы (қаласы) әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) ___________облысының (астананың, республикалық маңызы бар қала) __________ ауданы (қаласы) аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін санаттар бойынша іріктеу және бөлу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау; 2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау көрсету бойынша қызметтер көрсету; 3) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандармен әлеуметтік келісімшарттар жасасу; 4) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды ұйымдастыру; 5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға басқа да мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну; 6) адамдарды өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеп, есепке алу; 7) Қазақстан Республикасының азаматтары мен жұмыссыздарға жұмыспен қамту үшін жолдама беру; 8) жұмыссыздарды олардың келісімі бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберу; 9) кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу; 10) өтініш берген жағдайда табысы аз отбасылар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу; 11) жұмыссызға қолданылу мерзімі тіркеген күнінен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру; 12) электрондық форматта тіркелген күнінен кейін бір жұмыс күні ішінде азаматтың тіркелген орны бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат беру; 13) банк қалыптастыру және деректерді еңбек нарығы бойынша өзектендіру; 14) еңбек делдалдығы.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Комиссия қызметінің мақсаты ______________ ауданында (қаласында) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) ______________ облысында (астанада, республикалық маңызы бар қалада) тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.». 6. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11140 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi – комиссия) – ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия; 2) банк – тірек ауылдық елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру бойынша қызметтер ұсынатын екінші деңгейдегі банк; 3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлер) келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары; 4) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 5) блок-модуль – бизнес-жобаларды қамтамасыз ету, оның ішінде шалғайдағы жерлерді энергиямен, сумен жабдықтаудың балама көздерін дайындау үшін арнайы жабдықтармен жарақтандырылған модульді ұтқыр кешен; 6) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттiк есепке алуды және республикалық бюджет пен өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 7) ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 8) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық/қалалық, облыстық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi; 9) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi; 10) кәсіпкерлікті дамыту картасы – аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және бекітетін әрі олардың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін, басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда, іске асыру жоспарланған бизнес-жоспарлардың тізбесін қамтитын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешені; 11) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – бір айға дейін Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің заңды негіздеріне, қаржы және салық салуға, бизнес құруға және дамытуға, бизнес-жоспарларды әзірлеу жөніндегі практикалық дағдыларды игеруге бағдарланған кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұғымдары мен ережелеріне қысқа мерзімді оқыту; 12) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның iшiнде банк қызметтерiне қажеттiлiктерiн олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердiң есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға; 13) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы; 14) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны; 15) мастер-жоспар – кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау арқылы оның экономикалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған Тірек ауылдық елді мекенді дамытудың кешенді жоспарының құрама компоненті; 16) материалдық көмек – кәсiпкерлiк негiздерiне оқудан өтiп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге төленетiн ақшалай қаражат; 17) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 18) микрокредиттiк ұйым – микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 19) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға; 20) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны; 21) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 22) өңiрлiк комиссия – жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия; 23) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш берген жеке тұлға; 24) сервистік қызмет көрсететін ұйым – кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметтер кешенін (консультациялық, маркетингтік, заң, бухгалтерлік, жобаны сүйемелдеу жөніндегі қызметтер және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) көрсететін ұйым; 25) сервистік қызметтер – жобаны сүйемелдеу жөнінде консультациялық, маркетингілік, заң, бухгалтерлік қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер кешені және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқа да көрсетілетін қызмет түрлері; 26) субсидиялау жөніндегі қаржылық агент – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы; 27) субсидиялау шарты – субсидиялау жөніндегі қаржы агенті, Бағдарламаға қатысушы, банк арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша субсидиялау жөніндегі қаржы агенті банк берген Бағдарламаға қатысушының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды; 28) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар; 29) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру мынадай шарттарды қамтиды: 1) микрокредит қайтарымдылық негізінде микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдар, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым үшін кепіл немесе кредиттік серіктестіктердің барлық қатысушыларына немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшінші тұлғаларға кепілдіктер берген кезде беріледі. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде бюджеттік кредиттің мөлшерінен кем болмауға тиіс; шағын кредит қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым үшін кепіл берген кезде қайтарымдылық негізде беріледі; кепілмен қамтамасыз етуге қойылатын талап қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның ішкі саясатында айқындалады; 2) нысаналы сипатта болады – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту; 3) микрокредит және шағын кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын мүлікті сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi; 4) микрокредит беру мерзiмi – бес жылдан аспайды; 5) шағын кредит беру мерзiмi – үш жылдан аспайды; 6) микрокредиттің ең жоғары сомасы құрайды: жеке ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге (осы Қағидалардың 60-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) – 3 миллион теңгеге дейін; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар үшін – 5 миллион теңгеге дейін; 7) шағын кредиттің ең жоғары сомасы – бес жүз мың теңгеден аспайды; 8) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы және/немесе микрокредит бойынша қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым негiзгi берешекті өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұсынуы мүмкiн, ол микрокредит беру мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспауға тиiс; 9) шағын кредит бойынша қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым соңғы қарыз алушыға шағын кредит беру мерзiмiнің ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімге негiзгi берешекті өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең береді; 10) бұрын берілген микрокредиттер және шағын кредиттер есебінен соңғы қарыз алушы қайтарған қаражатты шоғырландыру кезінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкес қайтадан кредит беруді жүзеге асыруға жол беріледі. көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 2) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары; 3) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 4) жұмыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шараларға қатысатын жеке немесе занды тұлға; 5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгі­­­­ленген тәртіппен мемлекет жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары; 6) көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; 7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй; 8) қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға беру) – қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру; 9) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 10) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 11) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі; 12) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме; 13) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен және жоғары демографиялық әлеуетімен (көші-қон сальдосы оң) сипатталатын елді мекен; 14) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы; 15) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны; 16) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың көшуі жүзеге асырылады: 1) бір ауданның ішінде; 2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға); 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларды. Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге көшіріледі.»; 5-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «5. Бағдарламаға қатысушылардың басқа облысқа көшуі республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, уәкілетті органдар ұсынған жұмыс берушілер өтінімдерінің негізінде, тиісті өңірлік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге берілетін субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен және қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартын жасағаннан кейін не тұрғын үй мәселесін дербес шешкен кезде келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде беріледі. Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жерге келмеген отбасы мүшелеріне көшуге субсидия берілмейді. Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидия: 1) бір ауданның ішінде қоныс аударушыларға – отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға қоныс аударушыларға – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш, әрбір отбасы мүшесіне он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 3) бір облыстан басқа облысқа көшетіндерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларға отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасының әрбір мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.»; мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын: «35-1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге көшуге әлеуетті қатыса алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың санын айқындайды.»; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Уәкілетті орган ұсынылған ақпараттың негізінде: 1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдардың жалпы санын; 2) басқа өңірлерде орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдардың жалпы санын; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өңірлерге көшуге қатыса алатын қоныс аударушылардың, сондай-ақ оралмандардың жалпы саны; 4) көшуге қатыса алатын балалар үйінің тәрбиеленушілерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың (осындай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың, оралмандардың жалпы санын; 5) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарындағы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына жалпы қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін қалыптастырады; 6) және әлеуетті Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны, еңбек ресурстарына қажеттілік пен азаматтардың көшу мүмкіндігі туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жібереді.»; 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «45. Осы Қағидалардың 5, 7 және 45-тармақтарында көрсетілген критерийлер балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар болып табылатын Бағдарламаның осы бағытына қатысушыларға қолданылмайды. Бекітілген тізбеге сәйкес, осы Қағидалардың 44-тармағы 3) тармақшасында көзделген әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға көшетін үміткерлерге қолданылмайды. Бұл ретте отбасы мүшелерінің бірінің жұмыспен нәтижелі қамтылуы, коммуналдық қызметтерді, жалдау ақысын төлеу және отбасының бөлінген тұрғын үйде тұруы міндетті шарт болып табылады.»; 52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «52. Келген жеріндегі жұмыспен қамту орталы