«Егемен Қазақстан» газетінің әр облыста меншікті тілшісі бар. Олар сол аймақтың тыныс-тіршілігін басылым бетінде жариялап, тұтас елге хабарлап отырады. Меншікті тілшілер қосынына қосылғаннан бастап өзіндік ойымен, жазу өрнегімен көзге түскен әріптесіміздің бірі – Ержан Байтілес. Әрбір мақаласын елдік, мемлекеттік тұрғыдан ойлап жазатын тілшіміз биылғы мәслихат сайлауына түсті. Саяси додада бағы жанып, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты атанды. Құттықтаймыз!
Бұл – Ержанның ғана емес, «Егемен Қазақстан» газетінің де жеңісі деп білеміз. Басылымның ел алдындағы беделі мен абыройы меншікті тілшіміздің бәсекеде мерейі үстем болуына өз септігін тигізді ғой деген ойдамыз. Бойында жастық жігері бар, әрбір мәселеге жанашырлықпен қарайтын тілшіміз журналистикамен қатар, ел ісіне араласуға бел байлағанын қуана құптадық. Олай болса, Ержанның алда атқарар ауқымды жұмысына сәттілік тілейміз!
Егеменқазақстандықтар.