• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2016

Нәрікбаев кітапханасында – білім нәрі

482 рет
көрсетілді

Қазақ тарихында елеулі еңбек сіңіріп, туғанына ел қуанған, рухына жер қуанған тұғырлы тұлғалар аз емес. Сондай асыл азаматтардың бірі болған, Қазақ гуманитарлық заң университетін басқарған, заң ғылымдарының докторы – Мақсұт Нәрікбаев. Ол кісі жайлы жазылған ма­қала да, ақпарат та, ерен еңбегі үшін алған атақ-даңқы да жетерлік. Дегенмен, осы үр­дісті үзбей жақсының аты жат­тала берсін деген ниетпен Қазақ гуманитарлық заң уни­верситетінде Мақсұт Сұл­танұлының атына берілген кітапхананың ашылу салтанаты болды. Кітапхана бірнеше залдан тұрады. Олардың ішінде, электронды қорлар залы, шетел әдебиеті залы, кіші оқу залы, мерзімді басылымдар залы, профессор М.С.Нәрікбаевтың жеке кітапханасы залы, әмбебап оқу залы, сирек және құнды кітаптар залы, нормативтік-құқықтық әдебиеттер залы, ғылыми әде­биеттер залы бар. Әр залдың өзіне тән ерекшелігі де жоқ емес. Мысалы, сирек және құнды кітаптар залы энциклопедиялар­дан, сонымен қатар, көркем, ғы­лыми, библиографиялық, поли­­графиялық немесе өзге де құн­дылығымен ерекшеленетін авторлық қолтаңбалар қойылған кітап­тардан тұрады. Ал шет ел әде­биеті залына анық­тамалық басылымдар, энци­клопедиялар, сөздіктер, ағылшын тіліндегі журналдар қойылған. Құ­қық­тану, әлеуметтік ғылымдар, философия, дін, экология, экономика, ағылшын тілін зерттеу мен оқытудың әдістемесі, өнер, әдебиет, тарих сияқты сан салалы ғылымдар жайлы ма­ңызды мағлұматтарды да осы залдан кездестіруге болады. Про­фессор М.Нәрікбаевтың же­ке кітапханасы залында ол кісі­нің әр жылдары жарық көрген кіт­аптары, мерзімді басылымдар мен жинақтарда жарияланған ма­қалалары топтастырылған. Сондай-ақ, ғалымның жеке кітап­ханалық қоры электронды каталогқа, «NAR TULGA» мәлі­меттер базасына енген. Қонақ абонементін пайдалана отырып, Астана қаласының барлық тұрғындары аталмыш кітапхананың оқырманы атана алатынын естеріңізге саламыз. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».