• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2011

Ынтымақтастық жайы талқыланды

385 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы­ның Мемлекеттік хат­шысы – Сыртқы істер министрі Қа­нат Саудабаев Малайзия Сыртқы істер министрі Датук Анифа Аманмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабар­лады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Әңгімелесуші тараптар, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдул Разактың ағымдағы жылғы кездесуі қосымша серпіліс береді деп күтіліп отырған Қазақстан мен Малайзия арасын­дағы ынтымақтастық жағдайы мен болашағын талқыға салды. Екі ел көшбасшыларының кездесуін жемісті дайындау мақ­са­тын­да, сонымен қатар, екіжақ­ты ынты­мақтастық және халық­аралық ұйым­дар шеңберіндегі өз­ара ық­пал­дастық мәселелерін тал­қылау үшін тараптар наурыз айының бірінші жартысында Астанада келіс­сөздер жүргізуге келісті. Өз кезегінде Д.Аман Қазақ­станды ЕҚЫҰ-дағы сәтті аяқтал­ған төрағалығымен құттықтай оты­рып, Малайзияның алдағы уақытта Қазақстанға Ислам Кон­ференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төр­ағасы ретінде сенім артатынын және осы жауапты миссияны ат­қаруда Куала-Лумпур тарапынан Астанаға толық қолдау көрсеті­летіндігін жеткізді.