*Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейі 2015 жылдың 1 желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған.*
*Бүгінгі күнге дейін музей экспонаттарын тамашалауға әлемнің 30-ға тарта елінен меймандар келді.
*Қазіргі таңда музей қорында 7 мыңнан аса жәдігер бар.
*Музейде «Мәңгілік Ел» атриумы, «Көне заман – ХІХ ғасыр», «ХХ ғасырдағы әскери тарих», «ХХ-ХХІ ғасырлардың қару-жарағы», «Қазақстан Қарулы Күштері», «Бейнелеу өнері», «Мерзімді көрмелер» залдары жұмыс істейді.
*Музей Астана қаласындағы Республика даңғылы мен Бараев көшесінің қиылысында орналасқан.