• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы № 506-V ҚРЗ

328 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар, № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат): 43-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын: «1-2. Су объектісінің жағалау жиегінен бес жүз метр шекте орналасқан жер учаскелерін беру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерін қоспағанда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын айқындағаннан, сондай-ақ олардың шаруашылық пайдаланылу режимін белгілегеннен кейін жүзеге асырылады. Жағалау жиегін айқындау тәртібі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган бекіткен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларында айқындалады.». 2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат): 1) мазмұнында: 116-баптың тақырыбындағы «және су шаруашылығы құрылыстарының» деген сөздер алып тасталсын; 2) 1-бапта: 28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «28) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленетін су объектілеріне іргелес аумақ;»; мынадай мазмұндағы 43-1), 46-1) және 46-2) тармақшалармен толықтырылсын: «43-1) су сапасының стандарттары – жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін сақталуға тиіс судың шекті гидрохимиялық, микробиологиялық, физикалық сипаттамаларының сандық көрсеткіштері;»; «46-1) су тұтынудың немесе су бұрудың үлестік нормасы – жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы кезінде өндірілетін өнімнің бір бірлігіне (орындалатын жұмыстың белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бөлінетін сарқынды судың белгіленген мөлшері; 46-2) су тұтынудың немесе су бұрудың ірілендірілген нормасы – экономика салалары үшін су тұтынудың немесе су бұрудың үлестік нормасы;»; 3) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын: «4-3) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;»; 4) 40-баптың 2-тармағында: 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды;»; мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын: «25) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді.»; 5) 56-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жерүсті су объектілері үшін уәкілетті орган бекіткен су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді. 4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.»; 6) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын: «69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану 1. Өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру және (немесе) қайталама су пайдаланушыларға беру үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады. 2. Басқа су пайдаланушылармен жасалған шарттардың негізінде олардан су алатын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады. 3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су пайдалану мақсаты және арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген көлемдер ескеріле отырып, оны пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді жүзеге асыру бойынша қайталама су пайдаланушыға қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.»; 7) 72-баптың 7) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «7) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта немесе қайта­лама су пайдалануға арналған шартта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімдерде толық көлемде орындауға;»; «13) уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпиде­мио­логиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының оң шешімінсіз ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға жол бермеуге;»; 8) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын: «82-бап. Су пайдалану лимиттері 1. Бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде су пайдалану лимиттері бассейндік схемаларға сәйкес он жылдық кезеңге белгіленеді және оларды уәкілетті орган бекітеді. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленетін су пайдалану лимиттері негізінде уәкілетті органның өңірлік органдары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлігінде ағымдағы жылдың сулылығы болжамын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, су пайдалану лимиттерін белгілейді. Суға деген қажеттіліктерді жыл сайын қалыптастыру қайталама су пайдаланушылардың су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптарға негізделген бастапқы су пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Қайталама су пайдаланушылар үшін су беру көлемдері белгіленген су пайдалану лимиттері ескеріле отырып, қайталама су пайдалануға арналған шарттарда айқындалады. 3. Су аз болған жылдары су пайдалануды жедел реттеу мақсатында уәкілетті органның өңірлік органы бастапқы су пайдаланушыларға ресми хабарлама жіберу арқылы су объектісінен су алуды шектеу не тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдайды. Су аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген өнеркәсіп кәсіпорындары, су орташа аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген суармалы егіншілік және сулылығы орташа жылы кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген жайылма суару ауызсумен жабдықтаудан және табиғатты қорғау мақсатында су жіберулерден кейін басымдықты болып табылады. Жедел реттеу шаралары қабылданғаннан кейін су пайдалану лимиті түзетуге жатады.»; 9) 86-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Су алу және пайдалану көлемдерін азайту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлі технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерін және су тұтыну мен су бұру нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткізіледі.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар cудың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелерiндегi судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға мiндеттi. Уәкілетті орган экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді және бекітеді. Су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескеріледі. Су пайдаланушылар су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары негізінде уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді. Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары су тұтыну мен су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптар кезінде ескеріледі.»; 10) 90-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті негіздеме болғанда уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы суларды халықтың ауызсуға мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға оң қорытынды береді.»; 11) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда тікелей жерүсті және жерасты су объектілерінен су алуға құқылы. Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.»; 12) 111-бапта: 3-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Уәкілетті орган бекіткен, бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды бөгеттердің қауіпсіздігін декларациялаусыз пайдалануға тыйым салынады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші уәкілетті органға сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге өтініш пен декларацияның көшірмесін ұсынады. Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды қарап, декларация­ны тiркеу туралы шешiм қабылдайды не уәждi бас тартуды бередi. Уәкiлеттi орган тiркеген декларацияның көшірмесі уәкiлеттi органда сақталады.»; 13) 116-бапта: тақырыптағы және 1-тармақтағы «және су шаруашылығы құрылыстарының», «және су шаруашылығы құрылыстарын» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен, ал сел қаупі бар аудандарда – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіліп, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгілейді. Бұл ретте жобалау құжаттамасын әзірлеу он айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Жобалау құжаттамасын қарау, келісу және бекіту мерзімі оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына берген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін, сондай-ақ оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу жобалау құжаттамасы бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Су объектісінің шекаралары табиғи немесе жасанды өзгертілген жағдайларда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекаралары осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде нақтылануға жатады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.». 3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 12, 57-құжат, № 14, 72, 75-құжаттар, 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат): 1) мазмұнында: 19-1 және 20-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi»; «20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi»; мынадай мазмұндағы 292-1 және 297-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «292-1-бап. Жекелеген қалдық түрлерімен және олардың өмірлік цикл процестерімен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар»; «297-1-бап. Тұтыну қалдықтарының қайталама шикізатқа өтуі»; 2) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-1), 20-1) және 30-1) тармақшалармен толықтырылсын: «15-1) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;»; «20-1) қайталама шикізат – тұтыну қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау, ұнтақтау, сығымдау немесе оларға басқа да әсер ету тәсілдері процесінде алынған материалдар және (немесе) өнім алу үшін кәдеге жаратуға және (немесе) қайта өңдеуге дайындалған тұтыну қалдықтары;»; «30-1) қалдықтарды уақытша сақтау – өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарын тұлғалардың оларды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге (бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюы;»; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қайталама ресурстар ретiнде пайдаланудың басымдығы;»; 4) 17-бапта: мынадай мазмұндағы 1-8), 1-9) және 28-12) тармақшалармен толықтырылсын: «1-8) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді; 1-9) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»; «28-12) спутниктік навигациялық жүйелер деректері бойынша қалдықтарды әкетуге мамандандырылған көлік құралдарының қозғалысын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;»; 29) тармақша мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы және қырық жетінші абзацтармен толықтырылсын: «қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты; қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын; тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекітеді.»; 5) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында: 1) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекітеді; 2) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекітеді; 3) сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекітеді; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 6) 20-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында: 1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады; 3) өндiрушiлердiң (импорттаушылардың) кеңейтiлген мiндеттемелерi операторымен бiрлесiп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн әдiстемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерiн әзiрлейдi және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарына бекiтуге ұсынады; 4) өндiрушiлердiң (импорттаушылардың) кеңейтiлген мiндеттемелерi операторымен бiрлесiп, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектiлер арасындағы тарифтердiң мөлшерi мен оларды бөлу тәртiбiн айқындайды; 5) сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады; 6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 7) 95-бапта: 2-1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері;»; 8) 152-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.»; 9) 154-бапта: 1-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті;»; 3) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды толтыру нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттама есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты табиғат пайдаланушының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңба қоюы арқылы жыл сайын ұсынылады. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттама өзгерген жағдайда, ол қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ақпараттық жүйенің экрандық нысанын толтыру және ақпаратты беруге жауапты табиғат пайдаланушының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңба қоюы арқылы қайтадан ұсынылады.»; 10) 155-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде, интернет-ресурсында орналастырылады және жаңартылады.»; 11) 269-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіз ортасына келеңсіз әсерді болдырмау мақсатында, мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда, барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаның жыл сайынғы өндірістік мониторингін (климаттық маусымдар бойынша) жүргізуге міндетті.»; 12) 280-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Жойылуы қиын органикалық ластауыштар экологиялық қауіпсіз тәсілмен жойылуға жатады. Бөлінетін газдарды кешенді тазаламайынша жойылуы қиын органикалық ластауыштарды және құрамында хлор бар қалдықтарды жоюға арналған технологияларды пайдалануға тыйым салынады. Бұл ретте бөлінетін газдарды кешенді тазалау тазартылған бөлінетін газдарда диоксиндер мен фурандардың 0,1 нг/м3 аспайтын концентрацияда болуын қамтамасыз етуге тиіс. 4. Азық-түлікті немесе мал азықтарын өндіруге және қайта өңдеуге байланысты жерлерде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды пайдалануға тыйым салынады.»; 13) 283-бапта: 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бөгде ұйымдардан қабылданатын қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс және олар қалдықтардың меншік иесіне берілген кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге жауапты болады.»; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»; 14) 284-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толық­тырылсын: «7. Осы баптың ережелеріне сәйкес пайдалы құрауыштар алына отырып қайта өңделуге жататын иесіз қалдықтар мемлекеттік не жеке меншікке айналдырылғаннан кейін қалдықтар ретінде қаралмайды.»; 15) 288-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті. Жеке және заңды тұлғалар өндіріс және тұтыну қалдық­тарымен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.»; 3-тармақтағы «уақытша» деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1 Қалдықтарды уақытша сақтау қалдықтарды орналастыру болып табылмайды. Қалдықтарды уақытша сақтау орындары оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін алты айдан аспайтын мерзімде қалдықтарды қауіпсіз жинауға арналған. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтаудың жобалық құжаттамада белгіленген шарттары мен мерзімдері (бірақ алтын айдан аспайтын) бұзылған жағдайда, мұндай қалдықтар түзілген кезінен бастап орналастырылған болып танылады.»; 16) 289-баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қауіпті қалдықтар паспорты қалдықтар түзілген кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі. 6. Міндетті бөлімдерге енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығын арттыратын қосымша ақпараттың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға жатады. Жаңартылған паспорт он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі. 7. Қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қалдықтардың осы партиясының (партия бөлігінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде ұсынылады. 8. Жүк алушы алынған қалдықтар партиясын өңдеу кезінде, оны басқа материалдармен араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы партияға (партия бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге, сондай-ақ жаңа паспортты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберуге міндетті.»; 17) 291-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобаларын қалдықтарды орналастыратын меншікті объектілері бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді;»; 18) 292-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтар­дың қауіпті құрауыштарын бөлек жинауды, сақтауды, ұдайы әкетуді, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және залалсыздандыруды, сондай-ақ елді мекеннің аумағын тазартуды көздейтін, коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға жауап береді.»; мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3 және 5-4-тармақтармен толықтырылсын: «5-1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету арнайы белгілермен және спутниктік навигациялық жүйелермен жарақтандырылған, арнайы жабдықталған көлік құралдарымен жүзеге асырылады. 5-2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында құрылған ұйымның ақпараттық жүйесіне көліктің қозғалысы туралы навигациялық ақпаратты беруге міндетті. 5-3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын спутниктік навигациялық жүйелер деректері бойынша бақылайтын ақпараттық жүйені ұйымдастыру мен жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласын­дағы уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында құрылған ұйым жүзеге асырады. 5-4. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға, көлік құралдарының боялуына, олардың айырым белгілеріне және жабдықталуына, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»; 19) мынадай мазмұндағы 292-1-баппен толықтырылсын: «292-1-бап. Жекелеген қалдық түрлерімен және олардың өмірлік цикл процестерімен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар 1. Жекелеген қалдық түрлерімен жұмыс істеу кезінде қалдықтардың меншік иелері экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың, жекелеген қалдық түрлерімен жұмыс істеу саласындағы стандарттар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. 2. Қалдықтар санатына өткен мынадай материалдармен және өнімдермен: шиналармен, электрондық және электр жабдығымен, орамамен, қағазбен, пайдаланылған маймен, химиялық ток көздерімен, құрамында сынап бар қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Қалдықтар саласындағы стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»; 20) 293-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдастары: электрондық және электр жабдығы, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзгедей қауіпті құрауыштар бөлек жиналуға және мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге тапсырылуға тиіс.»; «3-1. Қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде жыл сайын беруге міндетті.»; 21) 295-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мақсаттары үшiн Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар тобы қауiптi болып есептеледі.»; 22) 296-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»; 23) мынадай мазмұндағы 297-1-баппен толықтырылсын: «297-1-бап. Тұтыну қалдықтарының қайталама шикізатқа өтуі 1. Тұтыну қалдықтары, нәтижесінде қалдықтар өнім өндіру про­­цесінде шикізатты және (немесе) басқа да материалдарды ішін­ара немесе толық алмастыру мақсатына қызмет ететін опе­ра­циялар жасалған соң қайталама шикізат мәртебесіне ие болады. 2. Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 3. Қалдықтар саласындағы заңнаманың талаптары қайталама шикізатқа қолданылмайды.»; 24) 298-баптың 1-тармағы «түрлері үшін» деген сөздерден кейін «жобалау құжаттамасында» деген сөздермен толықтырылсын; 25) 300-бап мынадай мазмұндағы 3-1, 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын: «3-1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын ала қайта өңдемей көмуге тыйым салынады.»; «6-1. Тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңадан салынатын полигондары сүзінді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйелермен жабдықталуға тиіс. Сүзінді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйелерді жоба­лауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Қазақ­стан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Сүзін­ді су мен қоқыс газын жинауға және бөлуге арналған жүйе­лерді жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын стан­дарт­тардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқық­тық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 6-2. Тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңадан салынатын полигондары сүзгіге қарсы экранмен жарақтандырылуға тиіс. Сүзгіге қарсы экрандарды жобалауға және салуға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарттарында белгіленеді. Сүзгіге қарсы экрандарды жобалауға және салуға қойылатын стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»; 26) 301-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9)-19) тармақшалармен толықтырылсын: «9) пластмасса, пластика қалдықтары, полиэтилентерефталат орамасы, полиэтилен қалдықтары; 10) макулатура, картон және басқа да қағаз қалдықтары; 11) құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; 12) шыны сынықтары; 13) түсті және қара металдар сынықтары; 14) пайдаланылған автомобиль майлары мен сұйықтықтары; 15) литий, қорғасын-қышқыл батареялары; 16) ұйымдастыру техникасы; 17) тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерді қоса алғанда, ірі габаритті қалдықтар; 18) құрылыс материалдарының қалдықтары; 19) тамақ қалдықтары.»; 27) 306-бапта: 3-тармақтағы «үшін жиырма жыл бойы» деген сөздер «үшін – жиырма жыл бойы, 3-сынып полигондары үшін бес жыл бойы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Полигондарды рекультивациялау полигон орналасқан аймақтың табиғи-климаттық жағдайлары ескеріле отырып, полигон бойында қалдықтарды тұрақтандыру, полигон еңістерін эррозияға қарсы қорғау және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Полигондарды рекультивациялауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының стандарт­тарында белгіленеді. Рекультивациялауға қойылатын стан­дарт­тардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқық­тық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.». 4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат): 1) 231-баптың 3-тармағының 23) тармақшасындағы «әкету – өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «әкету;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын: «24) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы; 25) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сай келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы – өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»; 2) 492-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен са