• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2016

Көкейкесті проблемаға арналды

246 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде «Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: тәжірибе мен жетістіктер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның жұмысына министрлік басшылары, БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің орынбасары, ЕҚЫҰ бағдарламасының Астанадағы кеңсесінің басшысы, дипломатиялық корпустың өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары, министрлік жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, сонымен қатар, академиялық қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараны Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, Мемлекеттік қызмет жөніндегі өңірлік хаб және Германияның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры (IRZ) бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияның жұмысына Син­гапурдегі Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Мукул Ашер, Грузияның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі бюросының директоры Темур Чихарадзе, Төменгі Саксонияның әділет министрінің орынбасары болған Юрген Олеркинг және Германиядағы қылмыстық полицияның федералды басқармасының вице-президенті болған Юрген Маурер, РҒА Философия мен құқық институтының директоры, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі, профессор Виктор Руденко қатысты. Конференцияға қатысушылар жемқорлықтың алдын алудағы отандық және халықаралық тәжірибені зерделеп, Германия, Ресей, Сингапур және Грузия сияқты елдердің сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі тәжірибесін талқылады. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының негізгі басымдықтары жайлы Мемлекеттік қызмет істері министрінің орынбасары Айгүл Шайымова әңгімелеп берді.   «Егемен-ақпарат»