• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2016

Орман өртінен 6 адам опат болды

268 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 мамыр. Үндістанның солтүстігіндегі Уттаркханд штатында орман өртінен 6 адам ажал құшты. Бұл туралы russian.rt.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер бойынша, тілсіз жау 2 мың гектарға жуық аймақты жалмаған. Осыған байланысты 6 мың өрт сөндіруші жұмылдырылды. «Қазіргі кезде өртке байланысты 922 оқиға тіркелді. Салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың арасында үш әйел және бір бала бар. Сонымен қатар, жеті тұрғынның жараланғаны белгілі болды», – делінген хабарламада. Аян Әбдуәли. Дерек: russian.rt.com. Фото: 24.kz.