• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Мамыр, 2016

Берілген тапсырма орындалуы тиіс

331 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Б.Байбек Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, әкімдік әл-Фараби көшесінен жоғарыда ор­наласқан құрылыстар қаба­тын шектеу жөнінде қаулы қабыл­дап, «Медеу» таулы спорт кеше­ні мен «Шымбұлақ» тау шаңғы­сы курортының аумағына автомо­бильдердің кіруіне тыйым салды. Бұл ретте, экологиялық таза көлік түрлеріне көшуді ынталандыру мақсатымен электрмобильдердің өтуіне рұқсат етілді. Қаланы сапалы ауыл шаруа­шы­лығы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету аясында кешен­ді шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, «Атамекен» Ұлттық кәсіп­керлер палатасының қолдауы­мен өңіраралық кооперацияны дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, көлік және сауда инфрақұрылымдарын кеңейту мақсатымен нысандар салынуда. Бұлар көкөністер бағасының маусымдық құбылмалылығын азайтуға мүмкіндік береді. Алатау ауданында жылыжай кешенін салу жөніндегі жоба аяқталып келеді, ол сырттан әкелінетін қызанақ­қа деген сұранысты 75 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Ел өңірлерінің қолдауымен биыл қалада 800 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Алматы қала­сы­ның әкімі «Алматы-2020» бағ­дар­ламасын жүзеге асыру, ПИК-терді реформалау, Алматы агло­ме­­рациялық белдеуінде жаңа жұ­мыс орындарын ашу жөнінде қа­былданып жатқан шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың халық алдындағы есептілігі қамтамасыз етілді, негізгі мәселелер қала тұрғындарымен бірлесіп талқыланды, Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.