• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2016

Петропавлда жазушы Герольд Бельгерге мұражай ашылды

275 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 3 мамыр. Белгілі жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері, ана тіліміздің жанашыры Герольд Бельгердің құрметіне Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжде мұражай бой көтерді. Оның ашылу салтанатына аймақ басшысы Ерік Сұлтанов қатысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов үш бірдей әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан Герольд Бельгер жайлы жүрекжарды лебізін білдірді. Ол өз сөзінде Герольд Карлұлымен Ысқақ Ыбыраев ауылындағы қазақ мектебінде бірге оқығанын, көп тәлім-тәрбие алғанын, жоғарғы кеңес депутаты болып жүргенде ынтымақтаса қызмет атқарғанын, музейдің ашылуы биыл кеңінен атап өтілетін облыстың 80 жылдығы қарсаңындағы айшықты мәдени оқиға екенін атап өтті. Абай жырларын Гете тілінде жырлату арқылы ұлтымызды өзгелерге танытуда да өлшеусіз еңбек сіңірді. Колледж директоры Александр Мерктің бастамашылдығымен құрылған мұражайға жүзге жуық құнды экспонаттар қойылған. Олардың арасында жазушының жеке тұтынған заттары, жары мен қызы табыстаған жәдігерлер ерекше ыстық. Тоғыз тақырыптық бөлімнен тұратын мұражайда шығармашылығы мен өмірі жайлы алуан сыр шертетін ақпараттар да топтастырылған. Өмір Есқали. Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.