• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2016

Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

279 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бүгін Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мырзахметов Асқар Исабекұлы бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Асқар Мырзахметов 1962 жылы туған. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілер мен қоғамдық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. 2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2015 жылғы тамыздан бастап осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбеков Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды. Талғат Райымбек. Дерек: inform.kz. Фото: otyrar.kz.