ПАВЛОДАР. 17 мамыр. Облыстық білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға облыстағы жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақтың батыр ұлы Махамбет Өтемісұлының шығармаларын жатқа оқу бойынша Болатхан Серікбол, Мәди Әйтім, Жүнісхан Айтолған, Омарбекқызы Мейрамгүл, Бейсенби Алтынбек, Шайкенова Ақмаралдар үздік атанды. Байқаудың екінші бөлімінде «Ұлы арман»-Махамбет күйлерін орындаушылар арасында Омар Назира, Қызыр Нұрғиса, Айдарғазин Ильяс, Арман Серік, Таня Михайлова, Фаиз Назмутдиновтер орындаушылық шеберліктері үшін марапаттарға ие болды.
Оқушыларын «Махамбет оқуларын» секілді патриоттық тәлім тәрбие, ұлттық тілді сақтау, елдік мүдде, елімізде қабылданған «Мәңгілік ел» бағдарламасы бағытында рухани бай білім беріп жүрген Төлеу Қаукер, Талап Апушев, Жетпіс Анарбектерге білім басқармасы тарапынан «Алғыс хат» жолданды.
Фарида Бықай.
Дерек, фото: egemen.kz.

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше