ПЕТРОПАВЛ. 17 мамыр. Солтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Тіл – татулық тірегі» атты этнос жастарының республикалық форумы өтті. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Биылғы ауқымды шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарына қолдау көрсету мақсатын діттеді. Кең-байтақ еліміздің әр қиырынан келген делегаттардың басын біріктірген алқалы жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Мәдениет және спорт министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, студенттер, мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары қатысты.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз хатшысы Құрманбек Қазанбасов, ақмолалық Равиль Абулханов, астаналық Сергей Агеев, Қарағандыдан келген Нигара Пайзиева, Орал өңірінен Венера Суровцева, солтүстікқазақстандық Светлана Магуянова, тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің басқарма басшысы Толқын Исақова, тағы басқаларының сөздері тілі бір елдің бірлігі де бекем болмақ деген ой-пікірлермен үндесіп жатты.
Форум делегаттары үндеу қабылдап, еліміздің жастарын игі істердің ұйытқысы болуға, тілдердің үштұғырлығы саясатын қолдауға шақырды.
Өмір Есқали.
Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
• 17 Мамыр, 2016
Солтүстік Қазақстанда этнос жастарының республикалық форумы өтті

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше