ҚАРАҒАНДЫ. 17 мамыр. Қарағанды облысының тұрғыны өзі жұмыс істейтін фирманың 5 млн. 400 мың теңгесін букмекерлік кеңседе бәске тігіп жібергені үшін жазаға тартылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Фармацевтикалық өнім сатумен айналысатын қарағандылық жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жезқазған өңіріндегі өкілі болып жұмыс істеген 28 жастағы ер адам дәріханалардан күнделікті түскен ақшаны букмекерлік кеңселерде бәске тігіп келген. Ұрланған ақшаның сомасы 5 млн. 400 мың теңгеге жеткенде фирма басшылығы оның бұл әрекетін әшкере етіп, құқық қорғау орындарына хабарлаған.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілді. Жезқазған қалалық соты айыпталушының ұрланған ақшаны иесіне қайтарып бергендігін және асырауында үш баласы мен кәрі анасы барын ескеріп, жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Фото: capital.kz.
• 17 Мамыр, 2016
Фирманың 5 млн. 400 мың теңгесін ұтқызып, жазаға ұшырады

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше