Алқаптар бос жатпауы тиіс
Әрине, Елбасы Н.Назарбаевтың Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормаларына белгілі бір кездерге дейін тоқтау салғанын ел азаматтары жылы қабылдады. Шынында жаңа нормалар жұртқа жетпеді. Сондықтан, көп жағдайда халықтың алаңдауы дұрыс. Әйтсе де бұл мәселе алдағы уақытта әлі де талқылауға түсетіні анық. Мен жетекшілік етіп отырған «Ақкөл» шаруа қожалығы биыл 220 гектар күздік бидай, 50 гектар арпа, 190 гектар мақсары, 180 гектар жоңышқа, 20 гектар пияз, 20 гектар күнбағыс екті. Жалпы алғанда, шаруа қожалығының есебінде 7000 гектар, оның ішінде 380 гектар суармалы егістік, 650 гектар суарылмайтын егістік, 350 гектар шабындық, 5620 гектар жайылымдық жер учаскелері тіркелген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында көрсетілген ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу, барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру туралы бастаманы өз басым қолдаймын. Себебі, ауылшаруашылық жерлерін қажетті аргротехникалық шараларды қолдана отырып пайдаланбаған жағдайда, өз кезегінде топырақтың құнарсыздануына әкеп соғады. Егін шаруашылығында міндетті түрде ауыспалы егін егу шараларын сақтау қажет. Себебі, бір алқапқа бір дақылды бірнеше жыл қатарынан қайталап еккен жағдайда топырақтың құнарлығы төмендейді. Бұл, өз кезегінде еккен дақылдан мол өнім алынуына кері әсерін тигізеді. Келесі кезекте, пайдаланбай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып, біз сияқты жердің тілін білетін шаруашылықтарға беру қажет. Өйткені, жер бос жатпай халық пайдасын көруі тиіс. Ал, егерде бұл жерлер шаруа қожалықтарына жекеменшікке берілетін болса, шаруалар бұл жерлерге өз ауласындағы жеріндей қарайтын болады. Және меншіктегі жерді кепілге қойып, шаруашылықтың жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында қаражат алуға мүмкіндік туады. Алтынбек КЕРІМҚҰЛОВ, «Ақкөл» шаруа қожалығының басшысы Жамбыл облысыБайсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Кино • Бүгін, 17:30
Қамшы туралы тарихи мәліметтер топтастырылған кітап жарық көрді
Тарих • Бүгін, 17:15
Халықаралық форумда ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Ғылым • Бүгін, 17:00
Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:45
Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:30