Білім • 03 Қазан, 2024

Ұлттық тестілеу орталығы Әзербайжан делегациясын қабылдады

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық тестілеу орталығына Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік студенттерді қабылдау жөніндегі комиссиясының өкілдері келді. Кездесу барысында тараптар тест тапсырмаларын әзірлеу және тестілеуді өткізу барысындағы өзара қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми сайтында мәлімдеді.

Ұлттық тестілеу орталығы Әзербайжан делегациясын қабылдады

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметі

Білім беруді бағалаудың объективтілігі мен сапасын қамтамасыз етудің негізгі аспектілері болып табылатын тест тапсырмалары мен педагогикалық өлшемдердің дерекқорын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов Қазақстанда қолданылатын озық әдістемелер мен тәжірибелерін бөлісті. Өз кезегінде, Мемлекеттік студенттерді қабылдау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Намик Бабаев Әзербайжанда қолданылатын тәсілдерді таныстырып, ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірді.

Талқылау барысында тараптар ортақ тіл тауып, бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттарын талқылады. Мұндай өзара қарым-қатынас Қазақстанда да, Әзербайжанда да білім беру сапасын арттырудағы маңызды қадам болуы мүмкін.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар өзара диалогты жалғастыруға және жобаларды бірлесіп әзірлеуге келісті. Қатысушылардың ойынша, бұл келісім халықаралық байланыстарды нығайтып, екі елдің білім беру жүйелерін жетілдіруге елеулі үлесін қосады.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03