22 Мамыр, 2016

Ресей 2017 жылдан пластик ыдыспен сыра сатуды тоқтатады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-05-16-pivo

АСТАНА. 22 мамыр. Ресей Федерациясы үкіметіне алкоголь айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңға полимер материалдардан жасалған тұтыну заттары мен құтыларын өндіру және оларды бөлшек саудаға шығаруға кезең-кезеңімен тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған байланысты жасалған ұсыныстар министрлер кеңесінің сайтында жарияланды. РФ қаржы министрлігі талдап жасаған бұл құжат 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пластикалық ыдыстарды өндіруге және оларды алкогольді ішімдіктердің ыдысы ретінде пайдалануға тыйым салуға алып барады. Онда «толық полиэтиленнен, полистролдан, полиэтилентерефталат пен басқа да полимерлік заттардан жасалған, көлемі 1,5 литрден аспайтын тұтыну ыдыстарымен немесе құтысымен» алкогольді өнімдерді шығаруға және (немесе) айналымға жіберуге (бөлшек сауданың бұған қатысы жоқ) тыйым салу қарастырылған. Ал көлемі 1,5 литрден аспайтын осындай ыдыстармен бөлшек саудада сыра сату 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылады. Талғат Райымбек. Дерек: РИА «Новости».
Соңғы жаңалықтар