22 Мамыр, 2016

Днепродзержинск жұрты қала атын Дрезденге өзгертуді ұсынады

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-05-16-dneprodzerjinsk

Украинаның Днепропетровск облысындағы жақында Каменское деген атау алған бұрынғы Днепродзержинск қаласының тұрғындары елді мекен атауын «Дрезден» деп өзгертуді ұсынады. Бұл туралы Ресей БАҚ-тарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған байланысты Каменское қаласының тұрғындары Украина президенті Петр Порошенконың сайтына петиция іліп, осы үшін дауыс жинауға кірісіп кетті. Петиция авторы Елена Аггейдің айтуынша, қаланың атын оның тұрғынларының жаңа атауға наразы екендіктеріне байланысты өзгерту керек. «Днепродзержинск қаласының атын Каменское деп өзгертуге жергілікті тұрғындардың жаппай қарсы екендігін және оның кеңестік атаумен қалуы мүмкін еместігін ескере келіп, біз бұл атауға балама ретінде Дрезден дегенді ұсынамыз. Украина қазір батысқа қарай қарыштап бара жатыр, 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз, дәл қазіргі кезде сондықтан бұған Каменское атауынан гөрі Дрезден көп жақын келер еді. Оның үстіне, бұл деревняның атын (Каменское) емес, қаланың атын (Дрезден) алуы керек. Себебі, оның өзі – қала», - делінген петиция мәтінінде. Еске сала кетейік, 2016 жылғы 19 мамырда Украинаның жоғарғы радасы коммунизм сарқыншақтарынан құтылу бағдарламасы шеңберінде № 4085 «Жекелеген елді мекендер мен аудандар аттарын өзгерту туралы қаулының жобасын» қабылдаған болатын. Соның арқасында Днепродзерджинск қаласы Каменское деген жаңа атқа көшірілген еді. Тағы еске сала кетейік, Дрезден деген қала бұрынғы ГДР, қазіргі Шығыс Германия аумағында да бар. Талғат Райымбек. Дерек: Ресей БАҚ-тары.