АСТАНА. 23 мамыр. Әйгілі саяхатшы Христофор Колумбтың ұрланған хаты Италияға қайтарылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл хатта оның Солтүстік және Оңтүстік Америкада ашқан жаңалықтары жазылған. The Telegraph басылымының мәліметтері бойынша, тарихи хат өткен ғасырдың ортасында Флоренция кітапханасынан ұрланған.
Америкаға екінші саяхатында, яғни 1493 жылы Христофер Колумб экспедицияны қаржыландырған Испания королі мен ханшайымына хат жазды. Ол Эспаньола мен Куба түбектеріндегі жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, сол жердің халқынан алған әсері жайлы жазған. Қазіргі таңда хаттың 30-ға жуық көшірмесі сақталған.
Италияға қайтарылған хат Флоренциядағы Рикардиан кітапханасында сақталып келген. Кітапхана директоры 1950-51 жылдары жасалған хатты біреулер ұрлап, оның орнына жасанды көшірмені алмастырып кеткенін мәлімдеді.
Швейцариядағы сирек кітаптарды жинаушы 1990 жылы ұрланған хатты сатып алған, ал 1992 жылы құжат аукционда сатылып, 2004 жылы иесі оны Вашингтондағы Конгресс кітапханасына сыйлаған.
АҚШ-тың әділет департаментіне 2012 жылы Колумб хатының ұрланғаны туралы құпия мәлімет келіп түсті. Сарапшылар хаттағы Рикардиан кітапханасының мөрін жою үшін ұры химиялық реагентті пайдаланғанын анықтады. Хатты АҚШ-қа кімнің әкелгені белгісіз. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: inform.kz.
• 23 Мамыр, 2016
Христофор Колумбтың ұрланған хаты Италияға қайтарылды

Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03
Шекарадағы кезек азаяды: Өткізу бекеттерінде 200 орындық автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт қымбаттады
Әлем • Бүгін, 10:33
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Министрлік мектеп бітіру кешіне қатысты жаңа тәртіпті жариялады
Білім • Бүгін, 10:10
Волейболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының шешуші кезеңі өтті
Спорт • Бүгін, 10:05
Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:42
Венгрияда жаңа саяси кезең: Орбан жеңілісін мойындады
Әлем • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19