23 Мамыр, 2016

Қазақстанның екі боксшысы ширек финалға шықты (фото)

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23.05.2016 AST-11 АСТАНА. 23 мамыр. Қазақстан боксшылары Назым Қызайбай (48 кг) мен Зарина Цолоева (64 кг) әлем чемпионатында ширек финалға шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ең жеңіл салмақтағы Назым Қызайбай чемпионаттағы екінші кездесуін өткізіп, швециялық Лиз Сандьберді айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 3:0. Зарина Цолоева да шаршы алаңда қарсыласынан айласын асырды. Ол италиялық Валентина Альбертиді жеңді. Әлемдік додада Дина Жоламан (54 кг), Айжан Қожабекова (57 кг), Валентина Хальзова (64 кг ) мен Виолетта Князева (75 кг ) алғашқы кездесулерін жақсы өткізді. Дина германиялық Орнелло Вагнерді, Айжан украиналық Марина Малованды, Валентина өзбекстанlық Шахноза Низамованы, Виолетта аргантиналық Пересті ұтып, келесі айналымға шықты. Бүгін кешкі сессияда 51 килоға дейінгі салмақтағы Жайна Шекербекова екінші жекпе-жегін өткізеді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: kfb.kz 23.05.2016 AST-12 23.05.2016 AST-13 ???????????????????????????????????? 23.05.2016 AST-16 ????????????????????????????????????