23 Мамыр, 2016

Қарағандылық теннисшілер ел чемпионатында үздік атанды (фото)

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-05-2016 tennis 1ҚАРАҒАНДЫ. 23 мамыр. Қарағандыда үстел теннисінен жекелей және командалық сайыс бойынша өткен ел чемпионаты аяқталды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әйелдер арасындағы командалық сында алтын жүлде құрамында Наталья Сладкова, Юлия Гац, Юлия Рябова, Зауреш Ақашева және Маргарита Харечко бар қарағандылық ұжымға бұйырды. Сонымен қатар, жекелей сында Наталья Сладкова мен Юлия Гац сәйкесінше, алтын және күміс жүлделерге ие болды. Сондай-ақ, Юлия Рябова аралас жұпта өнер көрсетіп, чемпион атанды. Ал ерлер арасындағы жекелей сайыста Эрик Райтер күміс медальге қол жеткізді. Жарыс қорытындысында қарағандылық теннисшілер үш алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, ел чемпионатында үздік атанды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 23-05-2016 tennis 2 23-05-2016 tennis 3