23 Мамыр, 2016

Батыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысынан қалған снаряд табылды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-05-2016 snariad 1АСТАНА. 23 мамыр. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында «Батыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жəнібек аудандық пайдалану учаскесінің басшысы Нұрлан Жүнісов бастаған аталмыш мекеменің қызметкерлері Жəнібек ауданынан Ұлы Отан соғысынан қалған снаряд тауып алды. Бұл туралы zhaikpress.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Олар Тау ауылынан солтүстікке қарай 5 шақырым қашықтықта Жыра елді мекеніне канал суын жіберетін арнасына жөндеу жұмысын атқарып жатқанда, əуе бомбасына ұқсас затты көреді. Аталған заттың салмағы шамамен елу кило, ұзындығы – 89 сантиметр, диаметрі – 15 сантиметр. Снарядқа ұқсас зат канал суы ішінде көп жатып қалғандықтан, тат басқан, ешқандай жазу көрінбейді. Сонымен қатар, ауыр зеңбірек снаряды болуы мүмкін деген болжам да бар. Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қазіргі таңда снаряд табылған жер қоршауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, Сталинград майданының жақын тылы болған Жəнібек ауданынан осыған дейін де, яғни 2008 жылы жарылмаған əуе бомбасы табылып, Ақтөбе қаласынан арнайы мамандар келіп, залалсыздандырған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: zhaikpress.kz. 23-05-2016 snariad 2 23-05-2016 snariad  3