АСТАНА. 23 мамыр. 1-6 маусым күндері елордада стритболдан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жарысқа әлемнің 30 елінен 200-ден астам спортшы қатысады. Қазақстанның ерлер құрамасы С тобында Румыния, Индонезия, Италия және Катар командаларымен ойнаса, қыздар командасы В тобында Нидерланды, АҚШ, Италия және Польша спортшыларымен сынға түседі. Әлемдік дода «Астана Опера» ғимаратының жанындағы алаңда өтеді. Оны тікелей трансляцияда Kazsport телеарнасы мен FIBA-ның Youtube желісіндегі ресми арнасы көрсетеді.
«Бүгінгі таңда стритбол бұқаралық спорт түріне айналып отыр. Елімізде де спорттың осы түрі жақсы дамып келеді. Қазір бүкіл мектеп аулаларында баскетбол алаңдары бар. Бұл чемпионат бұқарлық спорттың дамуына ерекше серпін береді», деді Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істеру комитеті төрағаның орынбасары Серік Жарасбаев.
Астана қаласы дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Берік Мыржықбаевтың айтуынша, осы кезге дейін Астанада стритболдан әлем чемпионаты өткізілген жоқ. Елордада Азия ойындары, олимпиялық спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өткізіліп келеді. Бірақ, стритбол сияқты көше спортынан үлкен жарыстар өткізілмеді. 2014 жылы Астанада стрит воркауттан әлем чемпионаты өтті. Сондықтан стритболдан әлемдік доданың өтуі қаланың беделіне бедел қосады.
Биылғы бәсекеге ерлер құрамасы екінші рет қатысқалы отыр. Ал қыздар командасы жарыста алғаш рет бақ сынасады.
Әлемс чемпионаты кезінде спорттық және музыкалық шаралар ұйымдастырылады. Кәсіпқой спортшылар балалар үшін шеберлік сабақтарын өткізеді. Маңғыстау облысы баскетбол федерациясының директоры Самсон Аракелянның айтуынша, шетелдік қонақтарды қазақ халқының ұлттық дәстүрімен, мәдениетімен және асханасымен таныстыратын жеке бағдарлама әзірленген.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz

Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03
Шекарадағы кезек азаяды: Өткізу бекеттерінде 200 орындық автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт қымбаттады
Әлем • Бүгін, 10:33
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Министрлік мектеп бітіру кешіне қатысты жаңа тәртіпті жариялады
Білім • Бүгін, 10:10
Волейболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының шешуші кезеңі өтті
Спорт • Бүгін, 10:05
Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:42
Венгрияда жаңа саяси кезең: Орбан жеңілісін мойындады
Әлем • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19