25 Мамыр, 2016

Қазақстан – жаһандық сауданың сын-қатерлерін жеңіп келе жатқан ел

447 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
21213131793_88922a66ab_zБылтыр мен Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі туралы кездесулердің тарихи аяқталуын атап өту жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеген едім. Қазір ДСҰ-ның 162-ші мүшесі ретінде Қазақстан көпжақты сауда жүйесінің белсенді қатысушысына айналды. Ел күрделі жаһандық экономикалық жағдайларға қарамастан, өзінің сауда әлеуетін толығымен іске асыруға ұмтылуда. Мен елдің осы бағытта жұмсайтын күш-жігерін талқылау, сондай-ақ, оның алдағы уақыттағы сыртқы тауар айналымына оң ықпал ету мүмкіндігін қарастыру мақсатында Астанаға арнайы сапармен келгелі отырмын. Мол табиғи ресурстарға ие Қазақстан соңғы жылдары өзінің шикізат байлығынан айтарлықтай пайда таба білді. Бүгінде мұнай бағасының төмендеп, Ресейдің экономикалық қиындықтарды басынан өткеріп отырған, ал Қытайдың өсу қарқыны баяу­лаған кезде Қазақстан өзіне осы факторлардың кері әсер етке­нін сезінуде, ол, сонымен қатар, экспорттың да, импорттың да төмендеуінен айқын аңғарылуда. Көптеген елдер осыған ұқсас проблемаларға кез болып отырса, шындығында, ДСҰ тағы бір жыл, 2016 жылы әлемдік сауданың өсуі баяулайды деген болжам жасауда, ал біздер оны назарға алатын боламыз. Қазақстан қазірдің өзінде бір­қатар оң шаралар, оның ішінде өткен жыл­ғы тамызда Ұлттық банк қабылдаған тең­гені еркін айналымға жіберу тура­лы, сон­дай-ақ, Үкімет­тің жуырдағы шетел­дік инвес­ти­циялар ағынын ұлғайту және жеке сектордың есебінен оның өсуі­н­е жәрдемдесу туралы дұрыс шешім қа­был­дады. Қазақстан, сонымен бірге, Дүниежүзі­лік банктің соңғы жыл сайынғы есебінде бизнесті жүргізу шарттарының қолай­лы­лығы бойынша өз рейтингін жақсартса, онда өткен жыл бойы елде бизнесті қолдауға бағдарланған көптеген рефор­малар қабыл­данғаны аталып өтті. Қазақстан іскерлік ортаны жақсарту үшін қабылдай ала­тын тағы бір маңызды қадам ДСҰ-ның Сауда-сат­тық рәсім­дерін жеңілдету бойынша жаңа келісім (СРЖК) енгізуі болып табы­лады. Менің ал­дағы сапарым кезінде ел­дің келісімді ратификациялағаны тура­лы құжаттың маған тап­сырылатынына өте қуа­ныш­тымын. Жаһандық деңгейде СРЖК экспорт көлемін жылы­на 1 трлн. АҚШ доллары­на ұлғайта алса, бұл өз кезе­гінде бүкіл дүниежүзі бойынша қал­ған барлық кедендік баж салығын алып тас­тауға үлкен септігін тигізетін болады. Ал келісім Қазақстанның өзіне де үлкен тиімділік әкеле­ді. Біздің бағалауларымыз бойынша, СРЖК-ні толықтай жүзеге асыру Қазақстанның сауда шығындарын шамамен 15 пайызға азайта алады. Бұл елдің сауда-саттық перс­пек­тивалары үшін үлкен маң­ызға ие, өйткені, компания­ларға сау­да-саттықтарын бастау үшін кедер­гілерді төмендетеді. Аталған келісім, әсіресе, «Жаңа Жібек жолы»  ұлт жос­парына интеграциялану тұрғысынан алғанда ерекше маңызды болып табылады. Себебі, Қазақстан өзін Шығыс пен Батыс арасындағы логис­тикалық хаб ретінде көрсетуге ұмтылыс танытып отыр. 2014 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев тауарларды кедендік ресімдеу уақытын қысқарту, шекаралық бақылау-өткізу бекеттерінің тиімділігін арт­тыру, сондай-ақ, экспорт пен им­порттың ресім­дерін жеңілдету қажеттігін мойындай отырып, аталған міндеттерді 2050 жылға қарай жүзеге асыруды тапсырды. СРЖК осы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін мазмұнға ие және Қазақстанға алдына қойған міндеттерін жүзеге асыруда айтарлықтай көмек көрсете алады. Бұдан бөлек, СРЖК Қазақ­станның алдына артық жүк болатындай талаптар қоймайтынын атап өткен абзал. Басқа да дамушы елдердегі секілді Қазақстан СРЖК-нің қай ережесін қашан жүзеге асырған тиімді екенін және оны қашан орындауға дайын болатынын өзі айқындауға құқылы. СРЖК-ге қосымша айтатын болсақ, ДСҰ-ға мүше елдер жақында өздерінің сау­да-сат­тық­тарын ынталандыру үшін бірқатар уағ­даластықтарға қол жеткізді. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында ұйымға мүше елдер ауыл шаруашылығы өнім­деріне экспорттық субсидияларды алып тастауға келісті және өзге де тиім­ді­лік әкелетін экспорттық шаралардың ере­же­лерін бекітті. Бұл соңғы 20 жыл бедерінде ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің  жаһандық сау­да­сында ең үлкен реформа болып табылды. Экспорттық субсидияларды алып тастау жөніндегі міндет­темелерін Қазақстан ДСҰ-ға мүшелікке өту қарсаңындағы келіссөздер кезінде-ақ орындаған еді, сон­дық­­тан жаңа тәртіптер қазақстандық фер­мер­лерді мұндай субсидияларды ешкімнің де пайдаланбайтынына кепілдік бере отырып, ДСҰ-ға мүше өзге елдер фермер­лерімен теңдей жағдайға қояды. Енді бізге сауда-саттыққа кері әсерін тигізетін суб­сидияларды қоса алғанда, басқа да қиғаш­тықтармен байланысты мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. ДСҰ-ның жақындағы тағы бір келісімі туралы да айта кеткен орынды.  Оны ұйымға мүше бір топ ел бекіткен еді. Онда олар сауда-саттықты соңғы үлгідегі теле­коммуникациялық Жер серіктерін, меди­циналық құрал-жабдықтар мен бейне­ойындарды қоса алғанда, ақ­параттық-тех­нологиялық тауар­лардың кең көлемі бойынша толықтай ашуға келісім жасас­қан болатын. Аталған келісім мұндай өнімдердің бағасын баршаның пайдасы үшін төмендетуге көмектеседі. Соңғы уақыттарда қол жет­кізілген осындай серпінді жетістіктер Қазақстанға өзінің экономикалық мақсаттарын жүзе­ге асыруға жәрдемдесуі тиіс. Олар ұйым­­ды сауда-сат­тықтың әрі қарайғы маңыз­д­ы реформаларын қамтамасыз етуге жігерлендіретініне менің ешқандай да күмәнім жоқ. Қазіргі кезде ДСҰ-да келіс­­сөздер жүргізу бойынша бола­шақ жұ­мыс­тардың егжей-тегжейлі құры­лым­дарын талқылау жүріп жатыр. Қазақстан үшін талқылауларда өзінің басым бағыттары туралы мәлімдейтін кез келді. Ал бұл – ДСҰ шеңберіндегі келіссөздер елге жақын жылдары пайда әкелуін жалғастырады деген сөз. Мен осы мәселелердің барлығын осы аптадағы Астанаға сапарым барысында Қазақстан басшылығымен талқылайтын уақыттарды асыға күтудемін. Роберто АЗЕВЕДО, ДСҰ-ның Бас директоры