01 Ақпан, 2011

Қос мекеме қоныстанды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Хромтау аудандық соты мен про­куратурасының қызметкерлері жа­қында жарқын қуанышка кенелді. Осы екі мекеме еңселі жаңа ғимаратқа ор­наласты. Нәтиже­сін­де олар пайдала­нып келген екі бірдей балалар мекемелері бо­са­ды. Жаңа ғимаратқа қо­ныс­тану салтана­тына арнайы келген облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың мә­лімдеуінше, құ­қық қорғау орган­дары­ның мате­риал­дық-техни­ка­лық базасын жақ­сарту қол­ға алын­ған. Өткен жылы Алға аудандық соты жаңа ғи­ма­ратқа көшсе, биыл ау­дандық прокуратура да сайлы да жайлы мекен-жайға қол жеткізіп отыр екен. Ғимаратты салуға облыстық бюд­жеттен 151 454,0 мың теңге бө­лінген. Құрылысты «Санжар» ЖШС ай­нал­дырған алты айдың ішін­де аяқтапты. Жалпы алаңы 1295 шаршы метр ғи­марат жылу, желдету, су, кәріз, электр жүйе­ле­рімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, байланыс және өрт сөн­діру желілері орнатылған. Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Жоғарғы Сот судьясы Жолымбет Бәйішев пен Бас прокуратураның құқықтық ста­тис­тика және арнайы есепке алу ко­митетінің төрағасы Марат Ахмет­жа­новтың айтуынша, мұндай ғимарат елімізде әзірге некен-саяқ көрінеді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.