2011 жылғы 31 қаңтар Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 және 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Айсина Майра Арапқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
(келісім бойынша),
Смайыл Алдан Зейноллаұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
(келісім бойынша),
Бұлдыбаев Аянжан Шүлембайұлы - «Телекоммуникация саласындағы техникалық cүйемелдеу және
талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары
(келісім бойынша);
2) «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 508-құжат):
тақырыбындағы және 2-тармақтағы «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырыбындағы және кіріспедегі «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау;
4-2) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларын тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.