01 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №47

532 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
2011 жылғы 31 қаңтар   Астана, Үкімет үйі Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік тарату жүйесі арқылы тарату қағидасын бекіту туралы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік тарату жүйесі арқылы тарату қағидасы бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы «31» қантардағы №47 қаулысымен бекітілген Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағида телерадио хабарларын тарату ұйым­дарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату тәртібін айқындайды. 2. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламалары жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы коммерциялық негізде және рес­публикалық бюджет қаражатының есебінен таралады. 3. Хабар таратудың жерсеріктік жүйелері халық­аралық жерсеріктік ұйымдарға, жеке мемлекеттерге тиесілі орбиталық байланыс жерсеріктерін қамтиды. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату тәртібі 4. Отандық телевизия және радио бағдарламаларын коммерциялық тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт негізінде жүзеге асырылады. 5. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы республикалық бюджет қаража­тының есебінен таратуды (бұдан әрі – еркін қол­же­тім­ді телевизия және радио бағдарламалары) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын байланыс операторы (бұдан әрі – Оператор) жүзеге асырады. Операторды айқындау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 6. Оператор теле- және радиосигналды біртұтас цифрлық стандартқа айналдыратын жерсеріктік телерадио хабарларын тарату трактын ұсынуды және оны байланыс жерсерігінен жерүсті жеке қабылдаушы-жолдаушы құрылғысына ретрансляциялауды қамтама­сыз етеді. Жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы тарату DVB-S2 цифрлық стандартында жүзеге асырылады. 7. Еркін қолжетімді телевизия және радио бағдарламаларын тарату телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) конкурстық негізде қалыптастыруды және оны жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы одан әрі трансляциялауды білдіреді. 8. Тізбе конкурс өткізу жолымен қалып­тас­ты­рылады және оны Қазақстан Республикасының Үкi­ме­тi құрған Қазақстан Республикасында телерадио ха­бар­ларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі ко­мис­сияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітеді. 9. Комиссия конкурсты өткізу барысында меншік нысандарына қарамастан, отандық телерадио хабар­ларын тарату ұйымдарының (бұдан әрі – Үміткер) өтінімдерін қарауды жүзеге асырады, сондай-ақ конкурс қорытындысы бойынша тізбені қалыптастыру жөнінде ұсынымдар қабылдайды. Комиссияның ұсынымдары хаттама түрінде ресімделеді. 10. Тізбеге енгізуге құқық алуға арналған конкурс жыл сайын тиісті жылға арналған республикалық бюджет бекітілген сәттен бастап өткізіледі. Телевизия және радио бағдарламалары тізбеге енгізілген телерадио хабарларын тарату ұйымдары Оператормен бір жыл мерзімге шарт жасасады. Осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген бірінші конкурсты қоспағанда, конкурс өткiзу туралы ақпа­раттық хабарлама ол өткізілетін күнге дейiн қырық күнтiзбелiк күн бұрын республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Уақтылы өтiнiм берiп, осы Қағидаға 1 және 2-қо­сымшаларға сәйкес тиісті түрде ресiмделген құжат­тарды ұсынған Үмiткерлер конкурсқа қатысуға жiберiледi. Комиссия осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тиісінше ресімделген өтiнiмдер және құжаттар салынған конверттердi конкурсты өткiзу жөнiндегi ақпараттық хабарламада көрсетiлген орында және мерзiмде ашады, және конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады. Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берген жағдайда Үміткерлер конкурс жеңімпаздары болып танылады. 11. Комиссияның хаттамасы және телерадио хабар­ларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республи­касының Үкіметіне жолданады. 12. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы отандық телевизия және радио бағдарламаларын тарату жөніндегі бірінші конкурс осы Қағида қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өткізіледі. Қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімдерді қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады. Комиссия берілген өтiнiмдердi, басқа құжаттарды қарайды және конверттердi ашқан күннен бастап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде бірінші конкурстың қорытындыларын шығарады. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік тарату жүйесі арқылы тарату қағидасына 1-қосымша Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияға Жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы таралатын еркін қолжетімді телевизия және радиобағдарламаларының тізбесіне енгізу құқығын алуға өтінім Жалпы мәліметтер: 1. Толық атауы Заңды тұлға/ жеке тұлғаның аты-жөні ____________________________________________ 2. Заңды мекенжайы: __________________________ 3. Телефон, факс нөмірлері: ____________________ 4. Тақырыптық бағыты мен бағдарламалардың атауы: _________________________________________ Қоса берілетін құжаттар 1. _______________________ 2. _______________________ 3. _______________________ Қоса берілетін құжаттарымен бірге өтінімдерді қабылдау бірінші конкурсты қоспағанда, ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және конкурс өткiзілетін күнге дейiн он күнтiзбелiк күн қалғанда аяқталады. Мына жағдайларда: 1) ұсынылған құжаттар конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермесе; 2) өтiнiмдi Үмiткер уәкiлеттік бермеген адам берсе; 3) заңды тұлға – телерадио хабарларын тарату ұйымы акцияларының (үлестерінің, пайларының) 20 пайыздан астамын шетелдік жеке және заңды тұлға, азаматтығы жоқ тұлға тікелей және (немесе) жанама иеленсе, пайдаланса, билік етсе және (немесе) басқарса, конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді. Бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы М.О. 201_ж. «___» ___________ Өтінім 201_ж. «___» _________________ қарауға қабылданды ______________________________________________ (Комиссияның жұмыс органының жауапты ада­мының аты-жөні, қолы) __________________________________________________________________ Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік тарату жүйесі арқылы тарату қағидасына 2-қосымша Үміткердің конкурстық ұсыныстары Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдердерді қамтуға тиіс: Шығармашылық ұсыныстар Үміткер мыналарды ұсынуға тиіс: – ТХ/РХ бағдарламаларын тарату кестесі; – мынадай мәліметтерден тұратын ақпарат: 1) эфирге шығатын теле- және радио бағдарла­маларының тақырыптық бағыты мен олардың жанр­лық арақатынасы (ақпараттық, талдау, публицисти­калық, жастар және балалар, музыкалық бағдарла­малар және көркем, деректі фильмдер); 2) таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі бағдарламаларды трансляциялау уақыты; 3) жеке бағдарламалардың, сатып алынған бағдар­ламалар мен ретрансляциялардың арақатынасы; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау кепілдігі; 5) кадрлық әлеуеті (шығармашылық, техникалық құрамы). Техникалық ұсыныстар Үміткер мыналарды ұсынуға тиіс: – телерадио бағдарламаларын шығаратын стационарлық студиялық жабдықтың болуы, жай-күйі және түрі туралы ақпарат; – ақпараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамасы; – эфирге дыбысы мен бейнесі жоғары сапалы телерадио бағдарламаларын беру туралы міндеттеме; – студиялық кешеннің орналасқан жері, бағдар­ламаларды орталық қабылдаушы-жолдаушы жерсеріктік станцияға жолдау тәсілі туралы ақпарат. Қаржылық ұсыныстар – берешекті төлей алушылықты дәлелдейтін құжаттар: банк немесе банк филиалынан алдыңғы анықтама берілген уақыттан мерзімі өтіп кеткен үш айдан аса уақытқа созылған қарыздарының жоқтығы туралы банктің немесе банк филиалының қолы қойылған және мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы; бірінші басшы немесе оны алмастырушы тұлғаның қолы қойылған соңғы қаржылық жылға арналған бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі; конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдыңғы уақыттағы салықтық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік төлемдер бойынша үш айдан артық берешегінің жоқтығы туралы немесе салықтық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік төлемдер бойынша бір уақыт ішінде бір теңгеден аз берешегінің болуы туралы салық органының тиісті анықта­масының түпнұсқасы; – техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға жалпы шығындарды және басқа капитал салымдарын көрсету. Үміткер өзінің пікірі бойынша Комиссияға кон­курстық ұсыныстарды неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік беретін конкурстың мәні бойынша кез келген мәліметтерден тұратын қосымша құжаттарды ұсына алады. КОНКУРСТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы таратылатын телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, отандық телевизиялық және радиобағдарламалар пакетін қалыптасыруға конкурс жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 47 қаулысымен бекітілген Жерсеріктік хабар тарату жүйесі арқылы таратылатын телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, отандық телевизиялық және радиобағдарламаларды тарату Ережесiне (бұдан әрі- Ереже) сәйкес өткізіледі. Конкурстық комиссияның отырысы 2011 жылдың 8 ақпанында сағат 10.00-де мына мекен-жайда өтеді: Астана қаласы, Министрліктер үйі (745-бөлме) . Конкурсқа қатысуға өтiнiм берген және осы Ереженің 1,2 - қосымшаларына сәйкес тиісті түрде рәсiмделген құжаттарды ұсынған үмiткерлер жiберiледi. Конкурстық құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Министрліктер үйі, 15- кіреберіс, Ақпарат және мұрағат комитеті, 217-бөлме. Өтінімдер және оған қоса берілген құжаттар ақпараттық хабарламалар жарияланған күннен бастап 2011 жылдың 7 ақпанында сағат 10.00-де аяқталады. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары (7172) 740-538, 740-418.