27 Мамыр, 2016

Атырауда кәсіпкер ауылына спорт кешенін сыйға тартты

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27-05-16-sport 1АТЫРАУ. 27 мамыр. Атырау облысының Жылыой ауданында тұратын кәсіпкер Бағытжан Достанов өзі туып-өскен Шоқпартоғай ауылындағы мектепке спорт кешенін сыйға тартты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бағытжан Достанов қайырымды істерімен тек Шоқпартоғай ауылына ғана емес, аудан мен облыстан асып, ел көлеміне кеңінен танылған Балжігітовтер әулетінде ұлттық құндылықтармен тәрбиеленгенін мақтан тұтады. Ол қазір өзі басқаратын құрылыс компаниясына ауданның 200-ден астам тұрғынын жұмысқа тартыпты. «Өзім де бала күнімнен спортқа құмар боп өстім. Сол кезде спорт кешенін тұрғызсам деген ойға бекінген едім. Өткен жылы осы ойымды іске асыру үшін мектеп жанынан спорт кешенін салуды қолға алдым. Спорт кешенін «Ырыс» деп атауды ұйғардық. Ауыл балалары үшін салынған спорт нысанын мектепке сыйға тарту қажет деп шештім», – дейді кәсіпкер Бағытжан Достанов. Кәсіпкер бұл кешенді салуға 87 миллион теңге қаржы жұмсапты. Ғимаратқа қажетті бұйымдарды да өз қаржысына сатып әперген. Енді спорт кешеніне бір жыл бойы демеушілік көрсетіп, су, газ және электр энергиясының төлемдерін өз есебінен төлеуді көздеп отыр. Сонымен бірге, спорттың күрес түрінен бір жаттықтырушыны жалақымен қамтуды да өз міндетіне алды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Фото: Рахым Қойлыбаев. 27-05-16-sport 4 27-05-16-sport 3 27-05-16-sport 2 27-05-16-sport