2015 жылғы 30 наурыз , Астана қаласы
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерінің нысандары:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісі;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы ұйғарым;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы;
2) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және берудің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 141-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 мамырда № 9466 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрі ___________ Е.Досаев
2015 жылғы 9 маусым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы №18-04/279 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
№ _____Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама /
Протокол об административном правонарушении № _____
«____»____________201__жыл/год ____сағат____минут _________________________________________
часов минут (толтырылған жері/ место составления)
Хаттаманы толтырған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні/Должность, фамилия и инициалы лица,
составившего протокол _____________________________________________________________________
Іс қозғалған тұлғаға қатысты мәлімет/ Сведения о лице, в отношении которого возбуждено дело:
Жеке тұлғалар үшін/ Для физических лиц:
Тегі/Фамилия _____________________________________ Аты/Имя _____________________________
Әкесінің аты/Отчество __________________________________
Азаматтығы/Гражданство: __________________ Туған күні және жері/Дата и место рождения________________
Тұрғылықты жері/Место жительства ________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері: ________________________________________
Наименование и реквизиты документа, удостоверяющего личность:______________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/ индивидуальный идентификационный номер:_________________________________
жұмыс орны/ место работы:________________________________________________________________________
ұлты _________________Жеке басын куәландыратын құжат:____________________________________________
Национальность: Документ удостоверяющий личность: (құжаттың атауы, сериясы, нөмері, берілген
күні, кім берді/наименование документа, серия,
номер, дата выдачи, кем выдан)
Телефон/факс/ұялы байланыстың абоненттік нөмері:________________ Электронды мекен жайы:____________
Абонентский номер телефона/факса/ сотовой связи: Электронный адрес:
Заңды тұлғалар үшін/Для юридических лиц:
Атауы, орналасқан жері:_________________________________________________________________________
Наименование, место нахождения:
Телефон/факс/ұялы байланыстың абоненттік нөмері:________________ Электронды мекен жайы:____________
Абонентский номер телефона/факса/ сотовой связи: Электронный адрес:
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмері және күні: ___________________БЖН/БИН №____________________
Номер и дата государственной регистрации (перерегистрации):
Бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе (және) соттылығының болуы туралы мәліметтер:
Сведения о ранее совершенных административных правонарушениях или (и) наличие судимости: ____________
______________________________________________________________________________________________
(жасалған күні, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің,
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы) (әрі қарай – ӘҚБтК)
(дата совершения, статья Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях Уголовного кодекса Республики Казахстан) (далее – КоАП)
Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін:_______________________________________________
Определить язык производства по рассматриваемому делу:
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi/Место, время совершения и существо административного правонарушения ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________осылайша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі____________бабының _________бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. (әрі қарай-ӘҚБтК)/тем самым совершено административное правонарушение, предусмотренное статьей ______частью_______Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях. (далее-КоАП)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өнідірске қатысушылар туралы мәліметтер: куә, куәгер, жеке (заңды) тұлғаның заңды өкілі, қорғаушы, аудармашы (қажетінің астын сызу керек)
Сведения об участниках производства по делу об административном правонарушении: свидетель, понятой, законный представитель физического (юридического) лица, защитник, переводчик (нужное подчеркнуть)
1.__________________________________________________________________________________________
(адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы/
фамилия и инициалы лица, адрес места жительства)
2._________________________________________________________________________________________
(адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы/
фамилия и инициалы лица, адрес места жительства)
Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді/ права и обязанности разъяснены 1.________________2.______________
(қолы/подпись) (қолы/подпись)
Жеке тұлғаның не заңды тұлға өкілінің түсініктемесі: Объяснения физического лица либо представителя юридического лица: ______________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
(қолы/подпись)
Істі шешу үшін қажетті өзге де мәліметтер: Иные сведения, необходимые для разрешения дела: ______________
______________________________________________________________________________________________
(адамға қатысты қолданылған өндірісті қамтамасыз ету шарасы; дербес жалақысы жоқ, 16-дан бастап 18-ге дейінгі жастағы адамға қатысты хаттама толтырылған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың тегі, аты-жөні, тұрғылықты жері және жұмыс орны, атқаратын лауазымы және басқа да мәліметтер)
_____________________________________________________________________________________________
(мера пресечения производства которая применена в отношении лица; фамилия и инициалы, место жительства и работы, занимаемая должность родителей или лиц, их заменяющих, в случае составления протокола в отношении лица в возрасте от 16 до 18 лет, не имеющего самостоятельного заработка и другие сведения)
Хаттамаға қоса беріледі: К протоколу прилагаются: ___________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
(құқық бұзушылық объекітісі болып табылатын, жануарлар дүниесінің өнімдері мен объектілерінің және құқық
____________________________________________________________________________________________
бұзушылық құралы болып табылатын, алынған құжаттар мен заттардың тізімі мен сипаттамасы/ Перечень и
____________________________________________________________________________________________
описание продукции и объектов животного мира, являющихся объектом правонарушения и документов и
______________________________________________________________________________________________
вещей, являющихся орудием правонарушения)
Істі қарау үшін: Для рассмотрения дела необходимо явиться ____________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы/ полное наименование уполномоченного органа)
по адресу _______________________мекен жайы бойынша 201__жыл «___»________сағат___минут келу қажет
часов минут
Қолдары: хаттаманы толтырған адам/Подписи: лица, составившего протокол______________________________
(қолы/подпись)
куә/свидетеля (ей) ___________________ куәгерлер/понятых 1.___________________2.___________________
(қолы/подпись) (қолы/подпись) (қолы/подпись)
Заңгерлік көмек қажет/қажет емес/В юридической помощи нуждаюсь/ не нуждаюсь________________________
(қажетінің асты сызылады/нужное подчеркнуть) (қолы/подпись)
Аудармашы қажет/қажет емес (қажетінің асты сызылады)/_________________________________________
В переводчике нуждаюсь/не нуждаюсь (нужное подчеркнуть) (қолы/подпись)
Хаттамамен таныстым, көшірмесін алдым/ 201__жылғы «_____»_________________ _______________________
С протоколом ознакомлен, Копию получил (қолы/подпись)
Менімен көрсетілген тұрғылықты мекенжайдың (тұратын жер), жұмыс орнының , ұялы байланыс абоненттік нөмерінің, электронды мекенжайдың дұрыстығын растаймын және көрсетілген байланысқа жолдаған хабарлама (ескерту білдіру) тиісті және жеткілікті болып саналатындығымен таныстым/ Подтверждаю, что указанное мною адрес места жительства (места нахождения), места работы, абонентского номера, сотовой связи, электронного адреса достоверны и ознакомлен с тем, что уведомление (извещение) направленное на указанные контакты, будет считаться надлежащим и достаточным.
ӘҚБтК-нің 38-тарауында көзделген құқықтар мен міндеттер маған түсіндірілді./Права и обязанности, предусмотренные главой 38 КоАП, мне разъяснены_______________________________________________
(қолы/подпись)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы №18-04/279 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
№_____ тексеру актісі
Акт проверки № _____
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті/Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан Комитет лесного хозяйства и животного мира ______________________________________________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы/наименование территориального подразделения)
20____ жылғы «____»_________________ «_____» ______________ 20___ года
________________________________________________________________________________
(акті жасалған орын (ауыл, кент, қала, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі/
место составления акта (село, поселок, город, рыбохозяйственный водоем и (или) участок)
Мен/ Мною, __________________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
проведена проверка на основании _______________________________________________________________
(бұйрық немесе басқа нормативтік құжат/приказ или другой нормативный документ)
________________________________________ негізінде/, на соблюдение законодательства в
области охраны, воспроизводства и использования животного мира в отношении ___________
_________________________________________________________________________________
(тексерілуші субъектінің атауы/наименование проверяемого субъекта)
__________________________________________________________________________________________
(тексерілуші субъектінің басшысы, не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/фамилия, имя,
__________________________________________________________________________________________
отчество (при его наличии) руководителя проверяемого субъекта, либо его представителя)
телефон:___________________________________ факс: ________________________________
қатысты, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы сақтауға тексеріс жүргізілді.
Тескеру/Проверка проведена при участии ______________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)/должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
в присутствии_______________________________________________________________________________
(тексерілуші субъекті өкілінің лауазымы, тегі аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/должность,
_____________________________________________________________________қатысуларымен жүргізілді
фамилия, имя, отчество (при его наличии) представителя проверяемого субъекта)
Тексеру/Проверка проведена: ________________________________________________
________________________________________________________________________________ жүргізілді
(тексеру өткізу кезеңі және күні, орны/дата, место и период проведения проверки)
Тексеру кезінде мыналар анықталды/При проверке установлено следующее:______________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Актімен таныстым/
С актом ознакомлен (а):_______________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні, тексерілу өткізілген субъектінің қолы, /фамилия, инициалы,
подпись проверяемого субъекта)
___________________________________________________________________________________________
(таныстыру парағынан бас тартқан жағдайда себебін көрсету/в случае отказа от ознакомления указать причину)
____________________________________________________________________
Актімен таныстым/
С актом ознакомлен (а):________________________________________________________________________
(қатысқандардың қолы, тегі, аты-жөні/фамилия, инициалы, подпись присутствовавших)
_____________________________________________________________________________________________
(таныстыру парағынан бас тартқан жағдайда себебін көрсету/в случае отказа от ознакомления указать причину)
____________________________________________________________________
Қолдары/Подписи:
Актіні жасаған лауазымды тұлға/
Должностного лица, составившего акт ______________________________
Тексеріліп отырған субъектінің уәкілетті өкілі/
Уполномоченного представителя проверяемого субъекта _______________________
2 данадан /Составлено в 2 экземплярах на ________ парақта жасалды/ листах.
бірінші дана/экземпляр первый____________________________________
екінші дана/экземпляр второй _____________________________________
Актімен таныстым және бір данасын алдым/С актом ознакомлен и один экземпляр получил: _____________________________________________________________________________________________________________
тексерілетін субъектінің, не оның өкілінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/подпись, фамилия,
___________________________________________________________________________________________
(имя, отчество (при его наличии) проверяемого субъекта либо его представителя)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы №18-04/279 бұйрығына 3-қосымша
Нысан
№ ____ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитеті_________________________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
20 __ жылғы «___» ____________ _______________________________________________
(объектінің орналасқан жері (ауыл, кент, қала, балық
шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі)
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (лар)мен: _________________
_____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20___ жылғы ____________________ № ________________________ тексеру актісі негізінде
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, келесі іс-шараларды орындауды ұйғарамын:
№ Ұйғарымның мазмұны Орындау мерзімі
1 2 3
Осы ұйғарым міндетті орындауға жатады. Кәсіпорынның, мекеменің басшысы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның мекенжайына осы ұйғарымның орындалуы бойынша ақпарат жолдайды.
Ұйғарымды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінәлі тұлға 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Уәкілетті лауазымды тұлға _______________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Ұйғарымды алдым __________________________________________20__ жылғы «____»___________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы №18-04/279 бұйрығына 4-қосымша
Нысан
Жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне тыйым салу немесе
тоқтата тұру туралы ұйғарым № _____
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитеті_________________________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
20 ___ жылғы «___» ________________ ____________________________________________________
(объектінің орналасқан жері (ауыл, кент, қала, балық
шаруашылығының су айдыны және (немесе) учаскесі)
Қызметіне тыйым салынатын/тоқтата тұратын адам туралы мәліметтер:
жеке немесе заңды тұлға (керектісін сызыңыз)
_________________________________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атауы және құжаттардың деректемелері
_________________________________________________________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат, жеке сәйкестендіру номері, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы
_________________________________________________________________________________________
мәлімет, жұмыс орны, абоненттік телефон номері, факс, ұялы байланысы және (немесе)
_________________________________________________________________________________________
электрондық мекенжайы (болған жағдайда); заңды тұлғалар үшін: толық атауы, орналасқан жері, заңды
_________________________________________________________________________________________
тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің (қайта тіркеуінің) номері, күні, сәйкестендіру номері, банктік деректемелері,
__________________________________________________________________________________________
абоненттік телефон номері, факс, ұялы байланысы және (немесе) электрондық мекенжайы (болған жағдайда)
___________________________________________________________________________________________
(қаралып отырған істің өндірістік тілі)
Мен, лауазымды тұлға_________________________________________________________________________
(жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті
____________________________________________________________________________________________
органның ведомствосы немесе аумақтық бөлімшесі)
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру кезінде анықтадым:_________________________________________ _________________________
_________________________________________________________________________________________
(жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілердің
_________________________________________________________________________________________
баптарының, тармақтарының талаптарының бұзылғанын көрсету)
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 801-бабы негізінде,
Ұйғарамын:
Баптың (баптардың) тармағының (тармақтарының) бұзылған талаптарды жоюға дейін тыйым салу/тоқтату (керектісін сызыңыз) ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
немесе сот шешіміне дейін «____» ________________ 20___ жылдан _____________________
________________________________________________________________________________
(тоқтатылған қызметі түрін көрсету)
Осы ұйғарымның орындалуының жауаптылық міндеттіледі_____________________________
________________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Осы ұйғарымның «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының негізінде міндетті күші бар.
Мөр орны
Лауазымды тұлға ________________________________________________________________
(уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық бөлімшесі,
________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
______ данада басылып шықты, қосымшасы _______ парақта.
Ескертпемен таныстым және бір данасын алдым 20_____ жылғы «______» _______________
________________________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20 __ жылғы «____» _________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы №18-04/279 бұйрығына 5-қосымша
Нысан
№ _____ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы
20 __ жылғы «___» ____________________ _____________________________________
(істі қараған жер)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитеті__________________________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы, лауазымы, тегі, аты, болса әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________________________________________________________________
жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басты
__________________________________________________________________________________________
куәләндыратын құжаттың атауы және деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша
_______________________________________________________________________________________________
тіркелгені туралы мәлімет, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін: атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан
__________________________________________________________________________________________
жерi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелерi)
______________________________________________________ қатысты__________________________
(2014 жылғы 5 шілдедегі
__________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының « Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің баптарын көрсету)
көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, мыналарды анықтадым: ______ ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 738-бабына сәйкес өндіріс тілін ________________________белгілеймін.
Осы айтылғандардың негізінде, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 821, 822, 823-баптарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік инспектор
Қаулы етті:
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің ___________________-бабы _________________-тармағы бойынша _____________________________________
_________________________________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін: әкімшілік жауапкершілікке тартылушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
________________________________________________________________________________
заңды тұлғалар үшін: әкімшілік жауапкершілікке тартылушының атауы)
айлық есептік көрсеткіш__________________________________________ сомада қайтарсын.
(сомасын жазып көрсету)
Айыппұл Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің банкіндегі №__________ бюджеттік есепшотына заң күшіне енген күннен бастап_____күннен кешіктірілмей енгізілуі, коды _____________
Мемлекеттік табыстар комитеті _____________, бизнес-сәйкестендіру номері ____________, банк бинифициары _____________, банктік сәйкестендіру коды _____________, айыппұл төлеу туралы түбіртек_____________ айыппұл салған жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынылуы тиіс.
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 821-бабына сәйкес қаралған істің нәтижелері бойынша қабылданған шешім түрі көрсетілсін, сондай-ақ
_____________________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары мен құжаттардың алынып қойылғаны туралы мәселелердің
_____________________________________________________________________________________________
және заңды тұлғаның меншігінен алынып қойған құжаттар мен мүліктер туралы шешімдер)
Осы қаулыға 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 830, 832-баптарына сәйкес қаулы көшірмесі берілген күннен бастап, 10 тәулік ішінде, ал істі қарауға қатыспаған тұлғаларға, оны алған күннен бастап, сол мерзімде шағым жасалуы мүмкін.
Лауазымды тұлға: ___________________________________________________________________________
(уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімше ведомствосының атауы, тегі, аты,
__________________________________________________________________________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)
20 ___ жылғы «___» __________
Мөр орны
Жауапкершілікке тартылған тұлға қаулының бір данасын алды,
құқықтарымен және міндеттерімен танысты ______________________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
20 ___ жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы №18-04/279 бұйрығына 6-қосымша
Нысан
№ _____ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған
олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы
20 __ жылғы «____» _______________ ___________________________________________
(қаулы қабылданған жер)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитеті_________________________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), азаматтығы, туған күні және жері, тұрғылықты жері,
__________________________________________________________________________________________
жұмыс орны, оның мекенжайы, жұмыс берушінің деректемелері)
______________________________________________________ қатысты_____________________________
(2014 жылғы 5 шілдедегі
__________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің баптарын көрсету)
көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20___жылғы «___»________ №______хаттама негізінде қозғалған іс пен ұсынылған материалдарды қарап, мыналарды анықтадым:
_________________________________________________________________________________________
(жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының
___________________________________________________________________________________________
заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз
________________________________________________________________________________
олжаланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың өнімдерін алып қою жағдайы)
________________________________________________________________________________
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 738-бабына сәйкес өндіріс тілін ______________________белгілеймін.
Осы айтылғандардың негізінде, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 791-бабын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік инспектор __________________
____________________________________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы,
_________________________________________________________________________________________
лауазымды тұлғаның тегі, аты, болса әкесінің аты (болған жағдайда)
Қаулы етті:
__________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы
__________________________________________________________________________________________
заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған жануарлар дүниесінің объектілері мен олардың өнімдерін заңсыз
__________________________________________________________________________________________
аулау мен тыйым салынған құралдар, алып тасталған дәрімен атылатын қару-жарақтардың нөмірі, маркасы, түрі)
______________________________________________________________________________________ алынсын.
Осы қаулыға 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 830, 832-баптарына сәйкес қаулы көшірмесі берілген күннен бастап, 10 тәулік ішінде, ал істі қарауға қатыспаған тұлғаларға, оны алған күннен бастап, сол мерзімде шағым жасалуы мүмкін.
Лауазымды тұлға: __________________________________________________________________________
(уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы,
__________________________________________________________________________________________
лауазымды тұлғаның тегі, аты, болса әкесінің аты (болған жағдайда)
20 ___ жылғы «___» _____________
Мөр орны
Жауаптылыққа тартылатын тұлға қаулының бір данасын алды,
құқықтарымен және міндеттерімен танысты ____________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
20 ___ жылғы «___» ________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы №18-04/279 бұйрығына 7-қосымша
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларды жасау мен беру тәртібін айқындайды.
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мынадай актілер шығарылады:
1) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
2) тексеру актісі (бұдан әрі – акт);
3) ұйғарым:
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы;
жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы;
4) қаулы:
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы;
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған олжалау құралдарын және заңсыз олжаланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы қаулы.
2. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспектордың актілерін жасау мен беру тәртібі
3. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталғаннан (айқындалғаннан) кейін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 802, 803, 804-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ресімдейді.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада алынатын жануарлар түрлері және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Алынатын жануарлар және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамда қалдырылатын жағдайда хаттамада қалдыру себептері көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.
Заңсыз олжаланған өнімде «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесінде бар жануарлар болған жағдайда түр құрамы мен саны (көлемі) көрсетіліп тиісті жазба жасалады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған адамға, заңды тұлғаның заңды өкіліне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі ол толтырылғаннан кейін қол қойғызылып дереу тапсырылады.
6. Тексеру нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор екі данада акт толтырады. Актінің бір данасы тексерілетін субъектіге беріледі, ал басқасы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторда болады. Тәртіп бұзушылық болмаған жағдайда актіде тиісті жазба жасалады.
7. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Заңға сәйкес ұйғарым шығарады.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым үш данада толтырылады.
8. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11592 болып енгізілді.